Виктор-Богданов
?>

срок до 4 мая задание не надо я сделал

Казахский язык

Ответы

pastore
1 Тауекел тау жығады.
      Смелость горы сдвигает.

 2   Өжет өлімнен қаймықпас.
      Смелый смерти не боится.

 3   Қаhарлы қамал бұзады.
      Отважный крепость возьмёт.

 4   Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда.
      Если есть стремление, нет непосильной работы.

 5   Тізерлеп жүріп күнелткеннен, тік жүріп өлген артық.
      Чем ползая жить, лучше стоя умереть.

 6   Ақыл жетпес айла жоқ, батылдық алмас қамал жоқ.
      Нет хитростей умом непостижимых, нет крепостей, которых не берет смелость.

 7   Ебін тапқан екі асар.
      Кто сумел, тот два раза съел.

 8   Ерлік білекте емес, жүректе.
     Мужество не в силе рук, а в храбрости сердца.

 9   Ерлік егесте керек.
      Отвага нужна в бою.

10   Шапшаң жүргенге шаң жұқпас.
       К быстро идущему пыль не пристаёт.

11   Қимылдаған қыр асар.
       Вершину одолеет идущий.

12   Жоқ iздеген жоғалғанды табады.
       Кто ищет не существующее, тот найдёт потерянное.

13   Көз – қорқақ, қол – батыр.
       Глаза боятся, руки делают.

14   Шапқан озар, жатқан қалар.
       Бегущий обгонит, лежащий отстанет.

15   Iздеген табады, сұраған алады.
       Ищущий находит, просящий получает.

16   Өлiмнен басқаның бәрiне асық.
       Кроме смерти всюду спеши.
and-syr

Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.

Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.

1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.

1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.

1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.

1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.

Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.

1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.

Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

срок до 4 мая задание не надо я сделал
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*