Органикалық зат — міндетті құрамбөлігі көміртегі болып табылатын күрделі заттар. Органикалық заттарға нәруыздар, көмірсулар, липидтер және нуклеин қышқылдары жатады. Бұл қосылыстардың құрамында көміртекпен қатар сутек, азот, оттек, сондай-ақ күкірт және фосфор болады. Нәруыздар қозғалуға мүмкіндік береді, оттек тасымалдайды және жасушадағы мыңдаған химиялық реакцияларды тездетеді. Нуклеин қышқылдары жеке тірі ағза туралы бүкіл тұқым қуалайтын ақпаратты сақтайды және ұрпаққа береді. Майлар энергияны қорға жинап, бізді суықтан қорғайды (термооқшаулау), ал көмірсулар энергия алу үшін және жасушаның құрылыс материалы ретінде қажет.
Сапалық реакция
Медицинада жүргізілген көміртек синтезі
Органикалық заттармен адамзат өте ертеден таныс болды. Қантты, майды, крахмалды, т.б. заттарды тағам ретінде қолданды, өсімдіктерден әртүрлі бояулар алып пайдаланды. Кейбір заттарды ашытып, спирт және сірке қышқылын өндірді.
XIX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің негізі көміртекті заттар екені анықталды. Органикалық химияның ғылымның жеке саласы ретінде бөлінуінің басты себебі, сол кездегі минералды және органикалық заттардың тегіне деген көзқарас болды. 1808 жылы швед ғалымы Якоб Берцелиус организмнен алынатын заттарды «органикалық заттар» деп, ал оларды зерттейтін химияның саласын «органикалық химия» деп атауды ұсынды. Сол кездегі кейбір ғалымдар органикалық заттар тек тірі организмде ғана «тіршілік күші» әсерінен түзіледі, оларды бейорганикалық заттар сияқты лабораториялық әдіспен алуға болмайды деп есептеді.
Нәруыз әр түрлі қасиеттермен ерекшеленеді. Сол қасиеттердің бірі нәруыздың суда ерігіштігінің әр түрлі дәрежеде болуы. Нәруыздардың көбісі суда жақсы, кейбіреулері нашар ериді, ал кейбір нәруыздар ерімейді. Нәруыздың екінші бір қасиеті − сыртқы орта жағдайларының әсеріне төзімділігі біркелкі болмайтындығында.
Нәруыз молекуласының тағы бір қасиетіне оның әр түрлі әсерлерден табиғи құрылымының өзгеруі жатады. Бұл құбылысты денатурация деп атайды.
Нәруыздың организм тіршілігіндегі маңызы өте зор болғандықтан алуан түрлі қызмет атқарады.
Құрылыс қызметі. Жасуша мен цитоплазма органоидтерінің мембраналары нәруыз молекуласынан тұрады.
Тасымалдау қызметі. Қанның құрамында жасушаның мембранасы мен цитоплазмасын және ядроның арасын байланыстыратын ерекше тасымалдаушы нәруыз болады.
Қозғалыс қызметі. Организмнің қорғаныс қызметіне бұлшық еттің талшығы мен ұлпалардың түрлі жиырылғыштық жүйесіне әсер ететін арнайы нәруыздар қатысады.
Қорғаныштық қызметі. Нәруыздар организмді түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Егер жануарлардың немесе адамның организміне зиянды нәруыздар енетін болса, оған қарсы тұратын ерекше нәруыздар − антиденелер түзіледі.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Дано: в потомстве кота василия и пяти черных кошек были черные и серые котята, причем серых было в три раза больше и далее пропуски. следовательно: доминирует ген ген а кот василий по данному признаку. дано: г в f1 скрщивания длинноносых и коротконосых муравьедов получали только коротконосых особей. и далее пропуски: следовательно, доминирует ген а рецесивен ген