Эозинофилдер (eosinophile, грек, eosin — бояу, рһіlіа — сүйіспеншілік) — цитоплазмасында қышқылдық бояулармен қызыл ашық түске боялатын ірі дәншелері (гранулалары) болатын қанның ақ жасушасы. Гранулаларының құрамында гидролазалық ферменттер, пероксидаза, қышқылды фосфатаза, эстераза, гистаминаза ферменттері болады. Даму сатысына байланысты балғын, таяқша ядролы және сегментті ядролы эозинофилдер болып ажыратылады. Қалыпты жағдайда қанда негізінен жетілген сегментті ядролы эозинофилдер болады. Олардың ядролары екі, кейде үш бөлімнен тұрады. Ал таяқша ядролы және балғын жас эозинофилдер өте сирек кездеседі. Эозинофилдер организмге түскен бөгде протеиндерге қарсы қорғанысты, аллергиялық, анафилактикалық реакцияларды іш жүзіне асыруға және гистаминнің метаболизміне қатысады. Организмге бөгде протеинді заттардың енуіне байланысты эозинофилдердің саны күрт көбейеді.[
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Рассмотрите вегетативную и генеративную почки опишите чем они отличаются друг от друга
Вегетативная (из них выходят листья), а из генеративных(цветки), они крупнее