Бұлшық ет жүйесі, адамда, барлық омыртқалы жануарларда және омыртқасыздардың көпшілігінде қозғалыс қызметін атқарады. Дене қаңқасын жауып тұратын бұлшық еттер көлденең салалы талшықтардан тұрады. Бұлшық еттер өзінің пішіні, көлемі, тұрған орны мен атқаратын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Бұлшық ет жүйесіне арқа, кеуде, іш, мойын, бас, қол, иық, білек, аяқ бұлшық еттері кіреді. Мысалы, белдің шаршы бұлшық еті, мықын-бел бұлшық еті, төс-бұғана-сүйір бұлшық еттері омыртқа жотасының екі жағына иілуіне мүмкіндік береді. Құрсақ бұлшық еттері, қабырға аралық бұлшық еттер, көк ет, т.б. көкірек клеткасын әр түрлі қозғалысқа келтіреді. Асықты жілік пен шыбық сүйегінің бұлшық еттері, балтырдың үш басты бұлшық еті және саусақтарды июші, жазушы, саусақ аралығын ашушы және біріктіруші бұлшық еттер аяқтың басын әр түрлі қозғалыстарға келтіреді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Что общего во всех формах бесполого размножения?
1 родительская особьпотомство генетически одинаковоесохраняются без изменений свойства виданизкая адаптация, но быстрое развитие потомства