Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алды. Баян қалмақ қызына ғашық болады, бірақ қыз жақтан ондай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болды. Құралай Батыр Ноянды сүйген, сол себептен екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептегендіктен, оларды артынан қуды. Қуған кезде Баян Құралайды оқпен атып, Ноян Батырды өлтіреді. Баянның оларға жаны ашығандықтан екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады.
Үгілу — температураның ауытқуына байланысты болатын атмосфера, су және организмдердің әсерінен жер бетіндегі тау жыныстарының химиялық өзгерісі және үгілу процесі.[1] Үгілу — жер бетінде немесе оған жақын маңдағы температура ауытқуларынан, атмосфераның судың және организмдердің химиялық және механикалық әсерінен таужыныстардың бұзылуы мен химиялық өзгеріске ұшырау процесі. Ү. физикалық (механикалық), химиялық және органикалық болып үш топқа бөлінеді. Физикалық үгілуде ауа температурасының күрт өзгеруі мен ылғалдың араласуынан таужыныстар шытынап жарылып, ұсақ кесекгерге бөлінеді, бірақ құрамы өзгермейді. Химиялық Ү. кезінде химиялық реакциялардың жүруінен таужыныстардың құрамы өзгеріске ұшырап, жаңа минералдар қалыптасады (мыс., дала шпаты каолинге айналады). Органикалық үгілуде де бактериялар, саңырауқұлақтар, қыналар, мүктер және т.б. организмдердің әсерінен болады. Олар таужыныстардың қуыстарында, жарықшаларында өніп-өсу барысында түрлі ерітінді заттар бөліп шығарады. Ү. нәтижесінде жер бедерінің түрлі бітімдері қалыптасады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Укажи название профессии человека, который оформляет книги. 1) писатель 2) художник 3) редактор 4) поэт