Ескерткіштердің тұңғыш рет 1914 ж. Ачинск қаласының маңындағы Андронов деревнясының маңынан табылуына байланысты осылай аталған. Бұл мәдениет Орталық Қазақстанды мекендеген тайпалар арасына кең тараған. Ол таралған аймағына және өзіндік белгілеріне қарай үш тарихи кезеңге бөлінеді: ерте кезеңі – б.з.б. XVIII-XVI ғасырлардағы Петров мәдениеті; орта кезеңі – б.з.б. XVI–XII ғасырлардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттері; соңғы кезеңі – б.з.б. XII–VIII ғасырлардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.
Көкшетау" поэмасы
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында.
Әрқайсы алтын кесе аясында,
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі―
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті аппақ қайың.
Жібектей желмен шарпып төңіректі
Балқытып мыс қылады иіс майы.
Әлеуметтік өмірде, Совет өкіметі үшін күрес жолында ұлтшылдыққа қарсы батыл күрескен.. олардың кертартпалық сыпаттарын үнемі ашып айтып, әшкерелеп отырған Сәкен әдебиетте де осы жат ағымға қарсы үн қатты. Халық аңыздарын зерттей отырып, ақын осы поэмасында Арқаның көрікті жері — Көкшетауды ел тарихымен, оның ізгілік жолындағы күрестерімен байланыстыра жырлады. Ұлтшыл қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев шығармаларында, әсіресе, оның «Батыр Баян» поэмасында табиғат ылғи қара жамылған қасіретті күйінде көрінсе, Сәкен «Көкшетауда» табиғаттың ашық көркем күйін советтік жаңа адамдардың жарқын болашағымен байланысты суреттеді.
«Көкшетау» поэмасының 1929 жылғы басылуына Сәкен «Он жетіге» деген беташар ұсынған. Бұл он жеті — еңбекші елдің ұлдары, советтік ақын-жазушылар, әншілер. Бұлардың ішінде Сәбит Мұқановтың, Елжас Бекеновтың, Мәжит Дәулетбаевтың, Ғабит Мүсіреповтың, Өтебай Тұрманжановтың, Сабыр Шәріповтың, Бейімбет Майлиннің, тағы басқалардың аттары аталады.
Ақын поэмасын осыларға сыйға тарта отырып, советтік дәуірдегі творчество бостандығын, ақын жыры өз меншігі емес, халықтың ортақ меншігі екендігін баса айтады. Сондықтан да ол шығармасын қазақ ақын-жазушыларының біріне емес, бәріне ұсынады.
Тартпаған бірімізге неге дербес? —
Деспей көп, бар мәзірге бәрік селбес!
Бәрін де ортақшылсың, меншікті емес
Сендерге жеке меншік ешкім бермес. ...
Ойым мен жүрегімнің күй мен жыры
Ұлдары еңбекші тап — бәріңе ортақ, -
дейді ол.
Бұл бөлімде творчество адамдарының жаңа салты ескі жыршы, шайыр, ақындардың дәстүріне қарсы қойылады.
Ақындықты творчесво деп сыйламайтын, оны тек күн көріс, мал табу үшін пайдаланған жыршылардың ескі дәстүрі кезінде Абайды да қатты тыжырынтқан еді. Ұлы ақын оларды өз өлеңдерінде аяусыз шенеді.
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз кадірін жұртты шарлап.
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап,
Жат елде қайыршылық қылып жүріп
Өз елін «бай» деп мақтар кұдай қарғап.
Абайдың бұл сыны, көбінесе, әркімге мақтау өлең айтып, ат мініп, шапан киіп кайтатын, айтыса қалса өзінің жүдеушілік халін есіне алмай, елінің байларып мақтайтын феодалдық дәуірдің ақындарына арналған еді. Осындай теріс әдеттердің салдарынан «қазақта өлең деген бір қадірсіз» болғанын Абай көріп, кейіді. Заман өзгерісін, оның жаңашыл бағытын түсінген ұлы ақын ән мен күйге, өлең жырға үлкен творчестволық мән-мағына берді. Халық өмірінің ән-күймен тығыз байланысты өрбуі заңдылығын түсінген ол ақындық сөзді елге рухани азық берер қасиетті де қадырлы еңбек деп бағалады.
Сый дәметпе, берсе, алма еш адамнан,
Нең кетеді, жақсы өлең, сөз айтқаннан.
Сүйінерлік адамды сүй, қызмет қыл,
Аулақ бол елін сатып ақша алғаннан. —
деп ақыл айтты ол.
Абай өз мақсаты — «тіл ұстартып, өнер шашу» деп жариялады.
Ескі бише отырмын бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрмын зарлап,—
деген жолдар — ақынның жаңашыл бағдарламасы еді. Ол халықтық поэзияны нағыз творчество деп бағаласа, ақынды үлкен әлеуметтік мәселе көтеруші, қоғамдық қайраткер есебінде санады. Бұл пікір, сөзсіз Абайға орыс әдебиеті арқылы келген, әдебиеттің халықтығы жөніндегі XIX ғасырдағы орыстың революцияшыл-демократтарының көзқарастарымен туыстас еді.
Айтысқа көп қатынасып, қырғыз-қазақ байларынан ат мініп, шапан киюмен кебірек әуестенген Сүйінбай ақынның өмірінің соңғы шағында:
Ойласам қылған ісім бекер екен,
Тіршілік бұл дүниеде шекер екен.
Дүниеде өзің қандай болсаң-дағы
Тіленсең өз қадірің кетеді екен,—
деп өкініш білдіруі тегін емес. Ақын тіленшілікпен сөз қадірін кетірген кездегі істерін бекершілік санайды.
Абай сыны кезінде талай ақындарға сабақ болғаны даусыз. Соған қарамастан қоғамның әділетсіз кезінде, кедей ақындардың мал табудың осы жолынан таза тоқтап қалуы мүмкін де емес еді. Мұндай теңсіздікті тек Совет өкіметі ғана жойды. Сәкен де жаңа ақындық салтты айта отырып, осы ескі ақындар дәстүрін еске түсіріп, оның жойылғанына ілтипат білдіреді.
Қазақта бұрын жыршы, шайыр, ақын
Тамағын өлеңменен айыратын,
Жыр шерткен ақындарды алдына кеп,
Мырзалар «жолын беріп» қайыратын.
Мырзаны ептеп солай «шабатүғын»
Ақынның мырза көңілін табатұғын.
Лықитып ет-қымызға, ат міңгізіп
Иығына жібек шапан жабатұғын,—
дейді ол. Ақын ендігі салттың «бұрынғымен арасы жер мен көктей» екенін атап көрсетеді. Сондықтан да ол: жаңашыл жазушылар — еңбекші ел ұлдары. Олардың творчествосы да халықтікі, ортақ деген қорытынды жасайды. Бұл, сонымен бірге, Сәкеннің Көкшетау аңызын да жаңа тұрғыдан жырлайтынының да көрінісі тәрізді. Поэманы Көкше табиғатының сұлу көркін суреттеуден бастаған ақын ол туралы ел ішінде толып жатқан аңыздар барлығына назар аударады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
К основным направлениям мониторинга социально-трудовой сферы относит(ят)ся условия и охрана труда обеспечение минимального
тест прошел проверку,
пользуемся)