ответ:
роман стилі (ағылш. romanesque style, фр. art roman, нем. romanіk), еуропаның ортағасырлық өнерінде (негізінен батыс еуропада), 10 ғасырдан 12 – 13 ғасырларға дейін) дәуірлеген. ол діни-ақсүйектік идеологияның үстемдік алған кезеңінде дүниеге келді. негізінен сұсты да қомақты (бекініс құрылыстар) архитектуралық құрылыстардан көрініс тапты: тас монастырьлар кешені, шіркеулер, бекініс қамалдар, қала қабырғалары, тас немесе фахверктен тұрғызылған тұрғын үйлер, т.б. ғимараттың алдыңғы беті мен порталын, капителін нақыштау ісінде қолданылатын мүсін-ескерткіштер мен фрескалар және миниатюралардың композициясынан діни әңгімелер, аса бай экспрессия мен фольклорлық сипаттағы шартты бейнелеу тәсілдері басым аңғарылады. құрылысты ою-өрнекпен нақыштау, қалыптау, темір қақтау, көркем оймыш, тоқымашылық . көптеген жергілікті мектептер пайда болды. германия, франция, , испания, скандинавия елдерінде, чехияда, польшада роман стиліндегі таңдаулы туындылар дүниеге келді. италияда проторенессанстың қанат жаюымен байланысты роман стилі ерекше сипат алды. 12 — 13 ғасырларда роман стилін готика ығыстырып шығарды.[1][2][3]
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Западные специалисты считают, что профессиональный рынок труда отвечает потребностям циклического развития производства