Ахмет атама хат!
Саған хат жазайын деп, мінеки, қалам мен парақты қолға алдым. Неден қалай бастарымды да дұрыс білмеймін. Бірақ жүрекке жиналған мұңымды жазып, шерімді тарқатсам ба деймін. Ата!?..
«Ата» деп атайтын немереңіздің барына қуаныңыз, ата! Себебі жастар қауымы, жалпы, жұртшылық ақсақалдарды «шал» деп атап, сый-құрметке бөлейтін ниеттері жоқ. Бүгінгі тәуелсіз күнде сен үйреткен дінді ұстанамын. Бірақ бұл қазаққа тәуелсіздікті нәсіп еткен Алланың рахымы мен мейірімін ысырып, өз өмірін ысырап етіп, Ермек Тұрсынов деген бір ағамыз «Шал» киносын түсіріп, тәңіршілдікті насихаттап жүр.
Ата, 2009 жылы мектеп бітіріп, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетіне қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына түстім. Мен секілді өз таңдауымен түспеген қазақтар көп екен. Кішілерге ізет қылмақ орнына ақша сұрап, жер-руға бөліп, ұрып-жыққан үлкендерге құрмет зорлықпен болды. Сондағы үлкендеріміз – қазақтың жігіттері.
Ата, бұл күндері бұл оқу орнында соңғы курс студентімін. Тек бұл оқу орнында ғана емес, сонымен қатар басқа да ұлттық оқу орындарында жүрегі «қазақ» деп соқпайтын, рухани тұрақтылығы өзгерген қазақтың жігіттері мен қыздары білім алып жүр. Зинақорлары да бар, парақорлары да бар, басқасы да бар. Темекі шегетіндері де көп, ішімдік ішетіндері де аз емес.
Бұл күндері еліміз Қазақстан аталады. Мұнда түрлі ұлт өкілдері де бізбен бірге күнін көріп жүр. Бишарасы – біз болып тұрмыз, ата. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болса да, «орыс тілі» билігін жүргізіп отыр. Бұл нәрсе орыс тілінің керемет болғандығынан емес, қайта қазақтың ұлттық рухы болмағандығынан. Балабақшасынан бастап басқа жұрттың тіліне дағдыландырады, үйретеді. Ата, бұл нәрсе, сен айтпақшы, миссионерлердің жұмысының оңды нәтижесі.
Жерді де сатты-ау, ата, сатты! Сатып жатыр. Кезінде Ермек ата, Әлихан ата, басқаларымен де бірігіп, таз басқа барып, атамекенді аман алып қалған едіңдер ғой, ата!? Бірақ бүгін атамекенді сатып жатыр. Батыс жұрты «адайланып», қара мұнайды өздеріне тиесілі етеді. Оңтүстік аймақ ол да бөлініп, «шымкенттеніп» алған. Бұл күнде қазақ руға да жанын салып бөлінген. «Адайка», «албанка», «қоңыратка», «найманка» т.б. болып жүрген қазақтың қыздары көп бұл күнде. «Жер – менікі!», «Мұнайды бізден алып жатсыңдар», т.б. осындай бүлік сөздерді айтушы ауыз жабылар емес. Ата, сен үйреттің емес пе, жер де, аспан да, басқасы да – тек Алланікі деп. Бірақ жұрт Алламен таласқанды әдет қылып алған-ды.
Ата, бүгіндері де қазақ, сол баяғыша, қазағын қырып жатыр. Көре алмаушылық, аяқтан шалу, өкшесүйерлік т.б. қара тігілгір қасиеттерді бұл күнде қазақ өз бойына жақсылап жұқтырып алған. Көшелерде орыстың жазуы, «шошқанын жарнамасы». Бабалардың асыл сөздерін көшеге іліп, насихаттайтын ұрпағың бұл емес, ата.
Елді азғырудың барлық түрімен де бүлдіріп жатыр, ата. Қайсыбірін айта берем, шамам жеткенше жазып отырмын. Қазақтың қыздары христиандарға кетіп жатыр. Артынан ажырасып та жатыр. Бұл күнде қазақ даласында жетімдер үйі, қарттар үйі өте көп, ата. «Арам абзал жандар» сәбилерді сатып жатыр, «пысықтары» өз досына у беріп, мәйітханаға апарып, дене мүшелерін сатып, ақша тауып жүр.
Ата, мен де ана тілімді жетік білмеймін, әдебиеттерді меңгермегенмін. Ұялуын ұялам. Мен де бұл мұғалімдікке өз еркіммен келмедім. Ертеңгі күнімнің қандай боларын бір Алла біледі, ата. Еліміз дамимыз деп, артқа қарай терісінен дамып жатыр. Екінің бірі – миссионер. Адамдар аузына келгенін айтып, ауызбен орақ орып жүр. Қазақтарды айтам да.
Ата, Бәдрисафа әжем сені қалай жақсы көрді!? Орыс болса да мұсылмандыққа өтіп, сенімен бірге суға да батты, отқа да бірге күйді емес пе?! Ата!?.. Ата, бірақ бұл күнде қазақ қыздары «русификацияланып» жатыр. Демек, орыстанып жатыр. Тек «ұлтым – ар-намысым, абыройым» деп соққан жүректер ғана ел ішінде жақсы азаматтарды дүниеге әкеліп жатыр.
Ата, бұдан басқа не жазарымды да білмеймін. Ойымның өзі ойыннан қашады. Ел есінде қалмасам да, ел менің есімде.
Ата, қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алдың емес пе?! Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кірістің. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алдың. Оны қазақ фонетикасына икемдедің, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығардың, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қостың, қазақ тілінің жуанды-жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасадың. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын «қазақ жазуын», яғни қазақтың ұлттық графикасын түздің. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жаздың.
Ата, Сәкен ағамыз сен жайында: «Өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен.
Объяснение:
Міне дұрыс болса лайк
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ваше общее впечатление после чтения комедии «Горе от ума». Печальны или смешны для Вас события пьесы? Почему комедия называется «Горе от ума»?
Комедия называется «Горе от ума», потому что причиной столь сильных страданий Чацкого явился его пронзительный ум, предельно высвечивающий все недостатки окружающего. Его ум понимал всё как есть и не давал своему обладателю спрятаться за иллюзорные представления. Это всегда очень сложно — глядеть на вещи так, как они существуют на самом деле, это причиняет порой тяжёлые страдания, потому что эмоции живут образами и представлениями (учёные называют их мифами), которые преимущественно развеиваются под мощным прожектором ясного интеллекта.