Қысқа қашықтыққа жүгіру – ертеден белгілі жарыстың бір түрі. Ол əйгілі Гераклден
басталған. Геракл алғашқы рет қашықтықтың негізін қалаған деседі халық аңызы. Ол –өз
табанымен 600 қадам жерді өлшеп, осы аралықты «стадии» деп атаған. Міне осыдан стадион
деген сөз шыққан. Стадй ұзындығы əр түрлі болып келеді. 192 м, 27 см-ден 195 метрге дейін
созылады. Эллада желаяқтары 200 метрлік қашықтықта сайысқа түскен. Гректер жеңіл
атлетиканың көптеген түрінен таң қаларлық жеңіске жеткен. Мысалы, бір стадийді олар қанша
уақытта жүргені біз үшін құпия болмақ. Ол кезде уақытты өлшейтін құрал болмағандықтан,
стадийді қанша минутта жүріп өткені белгісіз. Бізге əр түрлі мəліметтер жеткенімен, оларды
уақытқа айналдыру қиын. Мысалы, сол кездегі желаяқтар жүгірген кезде, тіпті аяқтарының
ұшы құмға да түспеген деседі. Ал кейбіреулерін мəреден ғана көрген, олардың белгілі
қашықтықты қалай жүріп өткенін ешкім аңғармаған. Тарихшылардың айтуы бойынша біздің
дəуірімізге дейін 632 жылы Олимпиада чемпионы Милеттегі Полименетор желаяқтардың бірі
болған. Ол өзі қойшы, өзінің жылдамдығын ақтарды қуып, олармен бірге ойнап, секіріп
шыңдаған. Бір күні осы олимпионаик (осы кезде чемпиондарды солай атаған) мал бағып жүрген
кезде қоян жүгіріп шығады. Қасындағылардың айғайы басылып үлгерместен, тулаған қоян
Полименестордың қолында тұады. Ал, қоян секундына 14 м, жыламдықпен жүгіреді десек,
сонда ғалымдардың есептеуі бойынша 100 м, аралықты Полименестор 7,2 сек, уақытта жүгіріп
өткен. Яғни ол стадий (192,27 м) 15 секундта жүгірді десе де болады. Қандай жылдамдық
десеңші!
Қысқа қашықтыққа жүгіру – жеңіл атлетиканың көптараған түрі. Қысқа қашықтыққа
жататын жүгірудің классикалық түрлері: 100 м, 200 м, 400 м, эстафеталық жүгіріс 4х100 м,
4х200 м, 4х400 метрлік болып келеді.
Қысқа қашықтыққа жүгіруді төрт кезеңге бөлуге болады.
1. Сөре (жүгірудің басталуы – старттан шығу)
2. Сөрелік қозғалыс (стартық қозғалыс)
3. Қашықтық бойымен жүгіру.
4. Мəре (финиш)
Қысқа қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық күш-қуатты аз
уақытта тиімді пайдалану қажет.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Соотнесите имена английских королей (королев) и факты из их биографии
1. Генрих VII
А) Запретил крупным феодалам иметь собственные вооруженные дружины.
2. Генрих VIII
Б) Добился признания монарха верховным главой английской церкви.
3. Мария Тюдор
В) Восстановила англиканскую церковь в качестве официальной.
4. Елизавета I
Г) Преследовала английских протестантов.
1
А
2
Б
3
Г
4
В