Даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді: 1) ерте Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 1894 – 1518); 2) касситтер дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1518 – 1204); 3) саяси құлдырау дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1204 – 626); 4) жаңа Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 626 – 538). Месопотамияның оңтүстік бөлігінде (қазіргі Ирак жері) біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың басында пайда болған бұл мемлекет өзінің басты қаласының атауымен аталды. Ол алғашында (біздің заманымыздан бұрынғы 24 – 22 ғасырлар) Аккад мемлекеті патшаларының, кейіннен Ур әулетінен шыққан (біздің заманымыздан бұрынғы 22 – 21 ғасырлар) патшалардың қол астына қарады. Біздің заманымыздан бұрынғы 1894 жылы аморит тайпасынан шыққан Сумуабум әулеті Вавилон патшалығының негізін қалады. Хаммурапи патша (біздің заманымыздан бұрынғы 1792 – 50) тұсында Вавилон нығайып, ірі мемлекетке айналды. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда елді касситтер жаулап алды. Касситтер дәуірінде сыртқы саясат айтарлықтай табысты болмады. Дегенмен, елдің шаруашылығы қайтадан өркендеп, жылқы өсіру жақсы дамыды. Касситтер әулеті құлағаннан кейін Навуходоносор І (біздің заманымыздан бұрынғы 1146 – 25) патша мен оның мұрагерлері тұсында Вавилон қайтадан күшейіп, Ассирия мен Эламды өзіне бағындырды. Бірақ кейіннен патшаның билігі әлсіреп, бөлініп шыққан Ассирия мен Эламның жасаған шабуылдары шаруашылықты мүлдем құлдыратып жіберді. Ассирия әскерлері қаланы екі рет қиратты, бірақ екі ретінде де Вавилон қалпына келтірілді. Біздің заманымыздан бұрынғы 626 жылы халдей тайпасынан шыққан Набопаласар Ассириядан бөлініп, өзін Вавилонның патшасымын деп жариялады. Ол мидиялықтармен одақтасып, Ассирия патшалығын талқандады да, территориясын бөліп алды. Сөйтіп, Жаңа Вавилон кезеңі басталды. Навуходоносор ІІ (біздің заманымыздан бұрынғы 604 – 562) патша тұсында көптеген аймақтар жаулап алынды. Осы кезде Вавилонның экономикасы да күшейіп, Алдыңғы Азиядағы негізгі сауда орталығына айналды. Хаммурапи б.з.б. 1792-1750 жылдар аралығында патшалық етті.Навуходоносор ІІ өлгеннен кейін сарай төңкерістері болып, мидиялықтармен үздіксіз соғыс жүргізілді. Біздің заманымыздан бұрынғы 538 жылы парсылардың патшасы Кир ІІ Вавилонды басып алды. Осыдан кейін Вавилон патшалығы өзінің өмір сүруін мүлдем тоқтатты.
а – неподвижные разъемные; 6 – неподвижные неразъемные; в – подвижные разъемные; г – подвижные неразъемные
Примерами подвижных неразъемных соединений могут служить телескопическая антенна (продольная подвижность звеньев между собой), карданный шарнир (угловая подвижность соединенных деталей, ограниченная допустимой зоной), радиальный подшипник (неограниченное осевое вращение сопрягаемых элементов).
Рассмотрим подробнее получения наиболее часто встречающихся в общем машиностроении неразъемных и разъемных соединений. Вроде так
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Вычислите вес спортивного ядра, если его масса 7, 3 кг.
ответ к заданию по физике