olimov9
?>

"Байлық жүректе " тақырыбында эссе керек еді

Другие предметы

Ответы

Головин662

Өмір – адам үшін Жаратқанның тамаша сыйы мен таңқаларлық сыны. Тірліктің тәттісіне тойымсыз пенде жалғанның жалтырағына масаттанып, оның усойқы шырмауығына қалай шырмалып, шырғалаңға түскенін де білмей қалады. Атақ-абырой, шен-шекпен, бақыр-байлық, дүние-думанда да қанағат қадір екенін ұмытып, у ішеді де, естен танады. Орынсыз өкпелеп, текке тіл безеп, жанын шырылдата жанталасып, даңғой дарақыланып, беймаза күй кешеді. Басқа қонған бақ пен қолда бардың бағасын білмей, тағы да у ішеді де, сары уайымға салынады. Шіркін, осы ушыққан дертке шипа боларлық ем-дәр у бар ма екен?! Тірліктің «алқындысынан» тым құрыса қас-қағым сәтке ес жиып, жүрегіміздің соғысына құлақ қойып, оның айтар сырын тыңдап көрелікші.

Жүректі мазалаған бұл ойлар ескінің естелігі немесе болашақтың болжамы емес, заманға өзіндік, өзгеше заманауи көзқарас. Сағыныш та емес, қиял да емес, заман мен замандас туралы ой, оларды жаңаша танып, жете түсінуге талпынған жүректің сыры. Кезінде ақын Мұқағали Мақатаев:

«Мен іздеген нұр-бақыт,

ұстатпаса, зуласын.

Тек жүрегім бір уақыт,

Жүксіз қарап тұрмасын.

Жүрек болып туғасын...»,

деп қазақ жырының жүрекке жүгінгенін өзінің өлең жолдарында көркем өре отырып «Соғады жүрек» атты туындысын дүниеге әкеліп еді.

Иә, жүрек болып туғасын... жанады, өмірді жан-тәнімен сүйеді, сағынады, еске алса, жабығады да жұбанады. Ал, өмір маусымдарын зерделесек, «Көктем-жүрек» – балауса шақ, «Жаз-жігер» – нағыз қамал алып, орда бұзар кезең, «Күз-ақыл» – ата атанып, бәйгеге қосқан жүйрігіңнің тізгінін тартар тұс. Соның бәрінен сүрініп жүріп те сергек өткен адам үшін немере сүйіп, ұрпақ қызығына ағыл-тегіл шаттанатын және оларға ақ батаңмен ақжол тілейтін мәуелі маусым – «Қыс-парыздың» да орны ерекше-ау! Бірақ, Көктемің – жырлы, Жазың – бәйгелі, Күзің – сырлы, ал Қысың – сабырлы болсын десең, сол есею кезеңдерінің алмасқан сәттерін дер кезінде жазбай аңдап, соған лайық мінез таныта білсек, қандай! Жалғанның оп-оңай жазым етер алдамшы «қызығына» босқа малданып, текке арамтер болмай, өзіңнің жас пен жасамыс, егде мен еңкейген жылдарыңның әрқайсысының бағасын біліп, қадір-қасиетіңді жоғалтпау ләзім шығар.

«Атысу, аңдысу мен таласудың,

Санасу, табысу мен жарасудың,

Мінезін мынау а ң

Білсем деп құпиясын аласұрдым...»

(М. Мақатаев, сонда).

Тірліктің тәтті ұйқы мен ашкөз қомағайлықтан, яғни өзіңді-өзің еркін меңгеріп, ерік-жігеріңді билей алмаудан асқынатын әсіре «қызылы» мен әзәзіл ләззатына салынып, көрсеқызарлық, құмарлық, мансапқорлық, дүниеқоңыздық сияқты сырқатына шалдықсаң-ақ, шектен көп шекер де «У» - ға айналып, тірідей «жерлеп» тынады. Сондықтан адам рухы асқақ болып, тән оның құлы ретінде қызмет етсе, шіркін! Керісінше жағдайда, пенденің хайуаннан айырмасы, фәниде мән-мағынасы жоқ. Кемеңгер Шәкәрім қажы айтпақшы: «Тән – терезе, ой қожасы; оймен анық байқасаң» немесе «жан қожа тәнге, тән құлы; еріксіз айдап жүр демек».

Жан адамды жүрек арқылы билейді. Жүрек аса сезімтал: көреді, естиді, сөйлейді және талдайды, зерделейді, түйіндейді, шешім қабылдайды. Жүрек сезім пернесі арқылы тыныстайды және өз әмірін тағы да сол сезім құдіреті арқылы жеткізеді. Ал, сезімнің дүр қасиетін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін бе?! Көк жүзінен себезгілеген сәуледей жарқын, самал сүйген гүлдей нәзік, телегей теңіздей тұңғиық, кеңістіктей шексіз де шетсіз ол... нәзік, мөлдір, терең, сыршыл, жүйрік, намысшыл және мейірімді, қатал, аса кешірімшіл. Себебі, ол алғыр, адал, сабырлы, жанашыр, батыр, зерделі, өкпешіл, аса әділетті.

Жүректен туса солай, жүректерге жетеді. Қуантады, ренжітеді, толғантады, тебірентеді. Маңдайыңды, тіпті тасқа ұрғыза отырып та үйретеді, үлгі етеді. Сезім сөлін сезіне алсаң, көгінде шарықтап, тереңінде тебірене алсаң, «өмір» деп, лүпіл қаққан жүрек тілін түсіне алсаң, адам деген атты ардақтай алсаң, үкілеп, үміт артады. Алға мақсат қоясың, арман қанатында қалықтап, шыныға түсесің, адам боп өтуді аңсайсың. Егер сезім селкеу тартса, сөзде салмақ, істе қадір, тірлікте мағына қалмайды. Адамға тән асыл қасиеттерді азырқанып, оларды нағыздандырмақ болып нағыз адам, жаңа адам, нағыз батыр, нағыз ғалым, нағыз туыс, тіпті мөлдір махаббат, т.с.с. іздеп әлекке түсетініміз де сол адами құндылықтардың сұйылған татымсыз сиқы ғана. Шындығында, адам мен оған тән адами қасиеттер – ешқандай қосымшасыз-ақ асқақ.

Сезім – қатал. Шынайы болған соң солай. Найзағайдай жарқылдайды, жаныңды шүберекке түйесің. Жүректен туған соң солай. Сене тұрып, сүйе тұрып алдансаң. Аянбайды ол. Небір қатыгез қару-жарақ та, зәрлі зілзала да оның жанында түкке тұрмайды. Ештеңені бүйім көрмейді. Сезім наласы жойқын. Назаланған жүрекке де, жазаланған жүрекке де – жантәсілім. Жарады, жарылады. Жалын жүрек күрт суынса – күлпарша. Жүректегі жарылысқа тең келетін ешқандай қуат жоқ.

Сезім – сабыр екен... сарыуайымға салынбай, сабыр табу да рухқа тәуелді-ау!

ValeriyaAleksandr

а) какой объем продукции выберет фирма, если рыночная цена составит 3 руб., 5 руб., 7 руб., 9 руб.?

б) какую прибыль получит фирма, если рыночная цена составит 3 руб., 5 руб., 7 руб., 9 руб.?

в) постройте кривую рыночного предложения при условии, что в отрасли имеется 1000 фирм, и все они имеют такую же функцию общих издержек, как показано выше.

г) если функция рыночного спроса выглядит так, как показано ниже, то какова будет равновесная цена продукта?

д) какова величина объема выпуска каждой фирмы?

е) какую прибыль будет получать каждая фирма?

а) Для того, чтобы определить какой объем продукции выберет фирма при разных уровнях цены, необходимо рассчитать величину предельных издержек фирмы.

Расчет предельных издержек фирмы в зависимости от объема выпуска представлен в таблице.

Предельные издержки (MC) – это затраты, связанные с производством дополнительной единицы продукции.

Фирма будет выбирать такой объем производства, который позволит ей получить максимальную прибыль. В свою очередь, для того чтобы получить максимальную прибыль, фирма должна наращивать объем производства и продаж до тех пор, пока каждая дополнительная единица продукции является прибыльной. Для определения такого объема выпуска необходимо сопоставить величину предельных издержек и предельного дохода. Если предельный доход больше предельных издержек, то дополнительная единица для фирмы прибыльна, в противном случае – убыточна. Значит оптимальный объем производства для фирмы – это объем, при котором MR=МС.

В условиях совершенной конкуренции фирма является ценополучателем. Кроме того ее доля на рынке настолько мала, что она может реализовать любой объем продукции по одинаковой цене. То есть в условиях совершенной конкуренции предельный доход фирмы равен цене. Таким образом, правило максимизации прибыли для совершенной конкуренции выглядит как равенство цены и предельных издержек (P = MC).

Если Р ˃ МС – дополнительная единица приносит фирме прибыль.

Если Р ˂ МС – дополнительная единица приносит фирме убыток.

Следовательно, при цене 3 рубля объем продукции, который выберет фирма, составит 1 единицу (МС=2, 2<3).

При цене 5 рублей - 2 единицы (МС=4, 4<5).

При цене 7 рублей - 3 единицы (МС=6, 6<7).

При цене 9 рублей - 4 единицы (МС=8, 8<9).

б) π = TR – TC, где

π – прибыль;

TR – общий доход;

ТС – общие издержки.

TR = Р × Q, где

Р – цена;

Q – количество проданного товара (выпуск).

π = Р × Q – ТС

π = 3 × 1 – 12 = - 9 руб.

При цене 3 руб. фирма получит убыток 9 руб.

π = 5 × 2 – 16 = - 6 руб.

При цене 5 руб. фирма получит убыток 6 руб.

π = 7 × 3 – 22 = - 1 руб.

При цене 7 руб. фирма получит убыток 1 руб.

π = 9 × 4 – 30 = 6 руб.

При цене 9 руб. фирма получит прибыль 6 руб.

в) Объем рыночного предложения складывается из объема предложения отдельных фирм. Так как в отрасли имеется 1000 фирм с одинаковой функцией издержек, то для определения рыночного объема предложения при каждом уровне цены необходимо умножить объем предложения отдельной фирмы при каждом уровне цены на 1000.

г) Равновесная цена – это цена, при которой объем спроса равен объему предложения (Qd=Qs). Таким образом, как видно из таблицы, равновесная цена равна 5 рублям (Qd=2000 = Qs=2000).

д) Величина объема выпуска каждой фирмы составит 2 единицы (объем выпуска в условиях равновесной цены).

е) Каждая фирма при цене 5 руб. и объеме выпуска 2 ед. будет иметь убыток 6 руб. (расчет убытка был произведен в п. б)).

Объяснение: сорян бро) если не так сори

Elvira-Natalya

Ислам дініндегі мереке күндері:

1.Ашура күні, араб. жыл басы, мұхаррам айының оны. Бұл күні Пайғамбарлар зор апаттан кұтылғандықтан, Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар мен оның сахабалары осы күнді мүбарак санап, ораза ұстаған;

2.һижра кеші, сафар айының 12-кеші, осы кеште Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар хазіреті Әбу Бәкір екеуі Меккеден шығып, рабиғ әл-әууал айынын 12-сінде Мединеге барған. Бұл елеулі тарихи оқиғаны мәңгі есте сақтау үшін мұсылмандар хижрадан бастап жыл санайтын болды;

3.мәулид кеші, Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар рабиғ әл-әууал айының 12 күні дүниеге келген. Осы күні күллі әлем мұсылмандары хазіреті Пайғамбардың туған күнін аса елеулі түрде құттықгап, мәулид оқиды;

4.рағайп кеші, ражәб айының алғашқы жұма кеші. Мұхамммед (с.а.у.) Пайғамбардың әкесі Абдолланың Әмина ханыммен үйленулерінің бірінші кеші;

5.миғраж кеші, ражәб айының 27-кеші. Бұл кеште хазіреті Пайғамбардың кокке котерілу окиғасы болған. Бес уақыт намаз сол кештен бастап парыз болды;

6.бараәт кеші, шағбан айының 14кеші, рауиат бойынша, бір жылдық жоспар осы кеште белгіленді. Сондықтан осы кеш ізгі болып саналады;

7.фатых Мекке. Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар 12 мың Ислам әскерімен Меккені кәпірлер колынан алып, Қағбаны пұттардан тазартқан Рамазан айының 21-күні;

8.қадыр түні - Рамазан айының 27-түні, осы түнде Кұран Кәрім түскен. Сондықтан осы түннің қасиеті мың айдан артық деген аят бар. Сол үшін мұсылмандар осы түнді өте құрметтеп, қадыр түнін күзетіп откізеді;

9.«Ғидұл фытыр» - шәууәл айының бірінші күнінен басталып үш күнге ұласады. Рамазан айында ұсталған ораза ашылып, ауыз ашар жасалып, айт на- мазы окылып, пітір садақасы берілуі уәжіп;

10.«Ғидол үз-хииата». Құрбан айты. Зу-лхпджа айының оныншы күнінен басталып үш күнге жалғасады. Құрбан айт намазы окылу, күрбан шалу уәжіп болып саналады. Бұл күндерде Меккеде миллиондаған мұсылмандар қажылық міндеттерін орындайды;

11.«Тәшрик» күндері деп аталатын зу-л-хиджа айының 11, 12, 13-күндері. Бұл күндерде зу-л-хиджаның тоғызы арафа күнінің таң намазынан басталып, оныншы күні және тәшриқ күнінің соңғы күнгі екінті намазының соңына дейін 23 намаздың парызынан кейін тәкбір тәшрик оқылады;

12.әр жұма күні мұсылмандар үшін зор мереке күні болып есептеліп, жұма намазы оқылу парыз болып саналады. Бұл күндерде мұсылмандар мешіттің мұнараларына қандал жағып, жиналып ғибадат жасайды. Сонымен қатар бұлардың ішінен ауыз ашар айт (ораза айт) және құрбан айттың әрқайсысы үш күннен аталып өтіледі.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

"Байлық жүректе " тақырыбында эссе керек еді
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*