Объяснение:
Мозаика (французша, италянша. – музаларға арналған) – жылтыр тас, қыш тақта, шыны сынықтарынан құрастырылған ою-өрнек, сурет-бейне (инкрустация), байырғы өнер саласы. Ежелгі Мысыр перғауындары заманында патша маскалары, тақ-орындықтар, саркофагтар мозаикамен әшекейленген. Тутанхамон патшаның тағы (б.з.б. 14 ғ.) түрлі асыл тастармен зерленген мозаика өнерінің үздік туындысы. Мозаика Ежелгі Грекияда, Италияда жақсы дамыған. Помпей, Пергам қалаларында жүргізілген археологиялық, қазбалар нәтижесінде б.з.б. 4 – 1 ғасырларға жататын мозаика шығармаларының тамаша үлгілері табылған. Көне қала үйлері мен әуіздерінің қабырғасы, едені, төбесі өсімдік, жәндік, балық бейнелерімен көркемделген. Вавилонда б.з.б. 6 ғасырда тұрғызылған Иштар қорғанындағы нақыштар мозаика өнерінің бірегей туындысы болып табылады. Қорғанның өзі майоликалық кірпіштермен көмкеріліп, аңдардың кескіні мозаика тәсілімен нақышталған. Б.з. 6 – 9 ғасырларында Византияда (қазіргі Түркия аймағы) мозаика кеңінен өркендеді. Мұндағы көне патша сарайлары, шіркеу үйлері (мысалы, Равенна қаласындағы Равеннад шіркеуі), т.б. құрылыс орындары мозаика үлгілерімен өрнектелген. Византия мозаика мектебінің ықпалы 10 – 11 ғасырларда Киев, Владимир-Суздаль қаласында тұрғызылған шіркеу ғимараттарын безендіруде анық байқалды. Түркістан қаласында тұрғызылған Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде мозаика кеңінен пайдаланылған. Қазақстанда монументті-сән өнерінің қанат жаюымен байланысты 20 ғасырдың 60 – 70 жвлдары мозаика кеңінен қолданыла бастады. Техникалық орындалуы тұрғысынан сәтті туындылар қатарына М.Кенбаев пен Н.В. Цивгинскийдің “Қазақстан кинотеатры фойесі” (1971, Мәскеу), Е.М. Сидоркин мен Г.И. Дандерфердің “Алматы музыкалық колледжі үйіндегі бедерлі мозаика” (1969 – 70), М.Кенбаевтың “Қазақстан” дүкені алдындағы, С.Қаракөзовтың Алматы эстрада-цирк колледжіндегі мозаика туындыларын жатқызуға болады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Установите молекулярную формулу монохлоралкана, содержащего 38, 38% хлора. Приведите графические формулы и названия всех
1. Общая формула алканов CnH2n+2, общая формула монохлоралканов CnH2n+1Cl
2. Cоставим выражение для расчета массовой доли хлора:
М(Cl) 35,5
ω( Сl) =--------------- = -------------=0,3838 , откуда n=4
М(CnH2n+1Cl) 14n+36,5
Формула монохлоралкана С4Н9Сl
3. Графические формулы изомеров:
СН3 – СН2 – СН2 – СН2Сl 1-хлорбутан
СН3 – СН2 – СНCl– СН3 2- хлорбутан
СН3 – СН – СН2Сl 2-метил-1-хлорпропан
|
СН3
СН3 – СCl – СН3 2-метил-2-хлорпропан
|
СН3