Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
• Жамал тағдырға мойынсынып, Байжан босағасына баруға келісім береді. Қалай ойлайсыңдар, оның басқаша шешім қабылдауына мүмкіндігі болды ма?• Жұманның қорлығына шыдамаған Жамал қашып шыққанмен, боранда адасыпқаза табады. Автор дүлей боран мен қыз арпалысы арқылы қандай ойды жеткізгісі келді?• Шығармадағы басты мәселе Жамалдың бақытсыздығы ма, әлде басқа да мәселе-дер көтерілген бе? Пікірлеріңді аргументтермен дәлелдей біліңдер.• Жазушының сипаттауы бойынша кейіпкерлер портретін жасаңдар.• Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен сөйлеу тілін қарастырып, мінездеме құрастырың-дар. Барлығына ортақ қазақи мінезді көрсетіңдер.• ЖамалСәрсенбайдың сағынып күткен перзенті, алайда сүймеген адамгаұзатуының себебі неде? Қалай түсіндіресіңдер? Шығарманың толық нұсқасын оқып, себебін анықтаңдар.• Арыздасу, ерулік, лау байлау, естірту, тізгін сөздерінің мәнін ашып, шығарма-дагы орнына тоқталыңдар. Үлгі:СөздерМағынасыШығармадағы орныЕрулікЛау байлату
Қуырдақ – соғым сойғанда етін, өкпесін, жүрегін, бүйрегін, бауырын ұсақтап турап, майға қуырып жасайды.
Томыртқа – қыста ыстық сорпаға бір түйір таза мұз салып, дәмін сәл өзгертіп ішеді. Мұны томыртқа деп атайды.
Ақсорпа – ертеде соғымның етін пісіргенде қалған сүйектерін жинап қойып, кейін жуып, қазанға қайнатып, майлы сорпасын ішкен. Оны ақсорпа дейді.
Салма – етті турап пісіріп, нан кеспесін салып жасап, ішеді. Негізінен, қой, сиыр етінен әзірлейді. Сорпасы дәмді.
Тұздық – сорпаға жуа, тұз қосып қайнатып, табақтағы туралған еттің үстіне салып, оның дәмін келтіреді. Кейде оған азырақ ұсақ туралған сәбізді де қосады.
Шыж-мыж – соғым сойылып жатқанда малдың бүйрегі мен шарбы майын отқа қақтап, шала пісіріп, шыж-мыж жейді.
Қара ала шыжық – ұсақталып туралған етті мал майын қосып табаға қуырып әзірлейтін тағам.
Ет ыстау – қайың қабығын жағып, оның түтінінің үстіне еттерді іліп қояды. Ысталған ет әрі дәмді, әрі ұзақ сақталады.
Бүрме – күзде жаңадан сойылған малды жас күйінде сақтау үшін терісіне салып, бүріп тастайды. Бұл шөпті үнемдеуге, малды арытып алмай етін тамаққа пайдалану үшін өте пайдалы.
Әсіп – ет, өкпе, бауыр мен бүйрек, құйрық майды өте ұсақтап турап, күріш, ұсақ туралған пияз, тұз, бұрыш қосып, жаңа сойылған малдың ішегіне салып пісіріп, әзірлейді.
Түймеш – малдың сұрпы етін ағаш балғамен ағаш жаңғырық үстінде ұрып, жаныштап, жұқалап алып тұздап, сақталған ет. Ол тез піседі, әрі жұмсақ болады.
Тоң май – малдың құйрық, шарбы, іш майларын қазанға шыжғырып алынған май. Оған бауырсақ тәрізді ұн тағамдарын пісіреді. Тоң май бұзылмай, ұзақ сақталады.