Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
"Маман болудың басты белгілері" тақырыбына өзің құрмет тұтатын бір мамандық туралы "Ой кестесін" құрындар. 1. Сен үшін сол мамандықтың қандай артықшылықтары бар?2. Сол мамандықтың иесі болу үшін адамда қандай қасиеттер болуы керек?
Сөйтіп, Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылдың қысы мен жазғытұрымында Абайдың өлең¬дерін, қарасөздерін жинап, түгендейді. Ал, жа¬дырап жаз келгенде бұл екеуі Абай мұра¬сын көрші әрі туысқан есебінде болған Мүр¬сейіт Біке баласы деген молданың қолына бе¬ріп, әдемілеп көшіріп жазуды тапсырады. Көркем (ескіше хұсни) жазудың хас шебері Мүрсейіт молда, Әрхамның куәлігінше, ар¬найы тігілген қоста отырып, өз жұмысын бір айда аяқтап шыққан екен.
Аға буын зерттеушілер көп зерделеген бұрыннан мәлім мағлұматтарды қайталап жатудың қажеті шамалы. “Абайдың алғашқы жинағы баспаға қалай әзірленді?” деген сұ¬рақ¬тың, біздіңше, бүгінгі күні бір ғана астары қалған сияқты. Ол – аталмыш жинақтың шығуына шәкірті Шәкәрімнің қосқан үлесі қандай еді деген мәселе. Төменде осыған баса назар аудармақпыз.
Бірден айтайық, Абай өлеңдері мен қара¬сөздерін жинастыру барысында Шәкәрім мынадай істерді атқарды деп санамалап өту қиынға соғады.