ответ 1). Она поглощает свет всех цветов, кроме зеленого.
Если бы обложка тетради отражала все цвета (вариант ответа 4), то она виделась бы белой.
Если бы обложка тетради поглощала все цвета (вариант ответа 2), то она виделась бы черной.
Если бы обложка тетради отражала свет всех цветов, кроме зеленого (вариант ответа 3), то она виделась бы лиловой. - Такой цвет определяется смешением красного и синего, - двух из трех основных цветообразующих. Третьим таким цветом является зеленый. Все остальные цвета можно получить путем смешивания этих трех.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Закон движения тела а в плоскости в со, связанной с землей, задан формулами ρa(t)=vt , φa(t)=εt2, где v=2 м/с, а ε=90∘/c2. найдите модуль перемещения тела за интервал времени от t1=1 с до t2=2 с. ответ в сантиметрах
Атомның өзі де күрделі бөлшек екенін, ал ядро мен электрондардан тұратынын білдік. Енді осы электрондар ядроның төңірегінде қандай заңдылықтармен орналасатынына тоқталайық.
Атомның ядро заряды қанша болса, ондағы электрондар саны да сонша болады дедік. Алайда, осы электрондардың барлығы ядроға бірдей күшпен тартылмайды, олар ездерінің энергия қорының шамасына қарай ядродан әр түрлі қашықтықта орналасады. Энергия қорлары шамалас электрондар ядродан бірдей қашықтықта орналасады, осы деңгейлерді энергетикалық деңгейлер деп атайды. Ол N әрпімен белгіленеді, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 сан мәндерін қабылдайды, N-нің мәні элементтің орналасқан периодының нөмірімен анықталады. Әрбір энергетикалық деңгейдегі электрондар саны N = 2n2 формуласымен анықталады.
Мұндағы N— электрондар саны, n - бас квант саны; егер n = 1 болса, N = 2; n = 4, N = 2 • 42 = 32 электрон болады.
Ядроға жақын орналасқан электрондар ядроға жаксырақ тартылады, ал одан алшақтаған сайын тартылу күші өлсірейді.
Периодтық жүйеден сутек пен гелий элементтерінің I периодта орналасқанын көреміз, яғни олардың электрондарының энергия қорлары бірдей болғандықтан бір энергетикалық деңгейде жатады. Мысалы, сутек атомы үшін +1 1-е, ал гелий атомы үшін +2 2е, сонда бірінші энергетикалық деңгей электрондармен толып бітеді. Бірінші энергетикалық деңгейдің сыйымдылығы 2-ге тең, сондықтан ол аяқталған қабат болады. Келесі элемент литий екінші периодтың элементі. Оның ядросының сыртында екі энергетикалық деңгей бар, олардың ішкісі гелийдің құрылысын қайталайды, ал үшінші электрон екінші деңгейге орналасады. Екінші периодта n = 2, олай болса N = 2n2 формуласы бойынша N=2 * 22 = 8, ендеше екінші периодта 8 элемент орналаса алады.
Сонымен екінші периодтың соңғы элементі неонда сыртқы энергетикалық деңгей аяқталған 8 электронды қабат түзеді.
Үшінші энергетикалық деңгейде натрийден аргонға дейін осы заңдылық қайталанады, олардың ішкі екі қабаты неонның электрондық құрылысына сәйкес келеді.
Аргон атомында үшінші деңгей 8 электронмен толып бітеді. Энергетикалық деңгейлері аяқталған элементтер тұрақты келеді.
Енді калий атомындағы келесі электрон төртінші энергетикалық деңгейге орналасады, бұл деңгейдің элементтерінің ішкі үш қабаты аргонның электрондық құрылысын қайталайды.
Әрбір период сілтілік металдан басталып, бекзат газбен аяқталып тұр (I периодтан басқасы). Период бойынша солдан оңға қарай сыртқы деңгейдегі электрондар саны 1-ден 8-ге дейін артады, сыртқы деңгейдегі электрондардың ядроға тартылуы ішкі деңгейдегі электрондардың тартылуынан нашарлау келеді де, олар көпшілік элементтердің қосылыстарындағы валенттіліктерін анықтайды, сондықтан олар валенттілік электрондар деп аталады.
Сонымен, период дегеніміз сілтілік металдан басталып, бекзат газбен аяқталатын электрондық деңгейлер сандары бірдей элементтердің, көлденең қатары.
Tоп дегеніміз сыртқы деңгейлеріндегі электрондар сандары бірдей қасиеттері ұқсас элементтердің тік қатары.
Объяснение: