Сәулелену Атом сәуле шығара бастауы үшін, оған белгілі мөлшерде энергия берілуі керек • Сәуле шығару түрлері: – Жылулық сәуле шығару – Электролюминесценция – Катодолюминесценция – Хемилюминесценция – Фотолюминесценция
Жылулық сәуле шығару - жарық шығаруға жұмсалған атом энергиясы сәуле шығарушы дене атомдарының жылулық қозғалысының энергиясы есебінен компенсацияланады.
Электролюминесценция - атомдар жарық шығаруы үшін қажетті энергияны жылу көздері болып табылмайтын денелерден алады.
Катодолюминесценция - қатты денелерді электрондармен атқылағанда жарық шығаруы.
Хемилюминесценция - энергия бөліп шығару арқылы жүретін химиялық реакцияларда энергияның жарты бөлігі жарық энергиясына айналады.
Фотолюминесценция - түскен жарық әсерінен дененің жарық шығаруы.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
кинетическая энергия достигает минимального значения в точке минимального удаления от земли, полная механическая энергия спутника неизменна