ответ: аумағының созылып жатуына, сондай-ақ жер бедерінің әртүрлілігіне байланысты температураның таралуы да әркелкі. ауа температурасының тәулік ішінде, сондай-ақ жыл ішінде ауытқып тұруы бүкіл республикаға тән. сонымен бірге жазық, аласа таулы бөлікте жылдық және айлық орта температура солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай өзгерсе, биік таулы аймақтарда биікке көтерілген сайын өзгереді. ауаның орташа жылдық температурасы республиканың жазық аласа таулы бөліктерінде жылы, солтүстікте температура 0,4°с-тан, қиыр оңтүстікте 13,7° с-ка дейін көтеріледі. қазақстандағы ең суық ай — қаңтар. қаңтардағы орташа температура солтүстікте (петропавл) - 19°с, оңтүстікте (дарбаза) - 1,5° с. республиканың солтүстік-шығысы төмен температурасымен ерекше, кейбір күндері аяз -54°с-ка дейін барады, ал оңтүстігінде -30°с-тан төмен болуы сирек кездеседі. қазақстанның ең суық жері - атбасар өңірі. мұнда ауа температурасы бір жылдары -57°с-қа дейін жеткен.
қыста оқтын-оқтын оңтүстіктен жылы ауа массасының келуімен байланысты: ауа температурасы еліміздің оңтүстігінде 10°с, солтүстікте 5°с-қа дейін көтеріледі. соның нәтижесінде бірнеше күн бойы ауа райы жылы болып тұрады да, кенет қайта суытып, көктайғақ болады. мұндай құбылыс ауыл шаруашылығын әсіресе мал шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. өйткені осы кезде жайылымда жүрген мал тебіндеп жайыла алмайды.
биік таулы аймақтарда каңтар айының орташа температурасының таралуы, жазықтарға қарағанда өзгеше. қыста қазақстан аумағында суық әрі құрғақ континентті арктикалық және коңыржай ендік ауалары мен сібір антициклоны басым болады. ауаның төменгі қабатында теріс температуралы жоғарғы қысым орнайды. тау алдында, тау аралық қазаншұңқырлар мен өзен аңғарларында құрғақ және ашық ауа райы қалыптасады.
ал салқын төменгі ауаның әсері тимеген тау беткейлерінде биіктеген сайын қыста температура жоғарылайды. оны температура инверсиясы деп атайды. биіктеген сайын температураның төмендеу заңдылығының орнына керісінше жоғарылауы төменде жер бетінде ауаның өте суынуымен байланысты. мысалы, қапшағайда (430 м) қаңтардың орташа температурасы - 11,4°с, ал алматыда (848 м) - 8,0°с шамасында болады. медеуде (1529 м) - 4,9°с, үлкен алматы көлінде (2511 м) - 9,5°с-қа дейін қайтадан төмендейді.
қазақстанның ең жылы айы — шілде. шілденің орташа температурасы республиканың солтүстігінде (петропавл) 19°с, оңтүстігінде (дарбаза) 28-30°с. жазда жылудың таралуына күн сәулесінің түсу бұрышы мен жер бетін қыздыру қарқыны әсерін тигізеді. сондықтан оңтүстікке барған сайын ыстық арта түседі. ең жоғарғы температура солтүстікте 41°с, ал оңтүстікте 47°с-тан аспайды. биік таулы аймақтарда жоғары көтерілген сайын шілденің орташа температурасы төмендейді. мысалы, алматыда ол 22,3°с, медеуде 18,5°, күйгенсайда 14,6°с, үлкен алматы көлі ауданында 11,4°с болады. тауларда орташа айлық температураның қоршаған ортаның жылы болатындығына қарамастан, кейбір кездері температура 0°с-тан төмендеп, салқын түсіп, үсік жүретін күндер де кездеседі. жылдық орташа температуралық ауытқуы (амплитуда) республиканың солтүстігінде 38-40° болса, оңтүстікте ол 30-35°. қазақстанның солтүстігінде температураның тәуліктік ауытқуы едәуір. қаңтар айының орташа тәуліктік ауытқуы - 9°с, ал жазда ол 13°с-қа дейін көтеріледі. оңтүстігінде орташа тәуліктік ауытқу қаңтар айында - 9°с, шілде айында 19°с. жаздағы ең үлкен тәуліктік ауытқу шөлдерде байқалады, онда 30° с-қа дейін жетеді. қазақстанның жылы маусымдағы температуралық режимі оның мезгіл-мезгіл ауытқып отыратынына қарамастан егін шаруашылығына қолайлы
объяснение:
даже сегодня земли активно применяются в сельскохозяйственных целях. но высокая эффективность их применения возможна при условии, что почва имеет определенные агротехнические свойства. сложно отыскать грунт, который можно было бы сразу засеять и получать высокий урожай без дополнительной подготовки. мелиориация — это средство, которое предназначено именно для улучшения свойств земли.мелиорация представляет собой комплекс мероприятий, с которых можно увеличить показатели урожайности земли. это достигается с особых хозяйственных, технических и организационных манипуляций. соответственно, мелиоратор — это человек, который выполняет подобную работу. комплекс мер, к примеру, может быть направлен на общее оздоровление почвы, которая сильно окислилась.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Как расположен материк австралия относительно других материков?