Геоэкология – жоғарғы иерархиялық деңгейлердің (биосфераға дейін) экожүйесін зерттейтін экология ғылымының бір саласы. Геоэкологияны ландшафт экологиясы деп те атайды. Қазіргі кезде Геоэкологияның алдына қойған міндеттері: 1) ландшафтты сауықтыру, яғни табиғи ландшафтта әр түрлі аурулардың таралуы нәтижесінде болатын адамның науқастану қаупін жоюға бағытталған шараларды белгілеу; аурулардың табиғи ошақтарын зерттеу; ауру қоздырушы және таратушы түрлердің (микроорганизмдер, вирустар, т.б.) экологиясын зерттеу және оны қорғау; 2) бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру, яғни адамның іс-әрекетінің жағымсыз зардаптарынан, ландшафттың бүлінген бөліктерін халық шаруашылығына пайдалануға қайтару, т.б. Бұл үшін бүлінген және шаруашылық айналымнан шығарып тасталған жер алқаптарын – шымтезек (торф) өндірілген шұңқырларды, террикондарды (шахталардың жанындағы бос жыныс үйінділер) және кен байлықтарын ашық әдіспен алу кезінде пайда болған үйінділерді, шұңқырларды рекультивациялауды; мал жаю нәтижесінде пайдалануға жарамай қалған жайылымдарды, эрозияға ұшыраған топырақ жамылғысын, тозған топырақтардың құнарлылығын, антропогендік факторлар әсерінен бүлінген суқоймаларын қалпына келтіруді; бүлінген (ағаштары жаппай кесілген, өртенген, т.б.) орман алқаптарына жаңадан ағаштар отырғызу.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
а земля плоская и 5 слонов держат ее. Но как видители выпустили первые спутник ,который сфотографировал нашу планету. До СССР 4 октября 1957 года люди думали што земля такая.Но учёные догадывались и утверждали гражданинов.Спутник звался (Р-7). Зарание незачто.