Климат[1] (гр. κλίμα (кліматос) — еңкейіс[2]) — белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.
1961-ден 1990 жылдарға дейін беттің орташа айлық температуралары. Бұл мысалдар ауа райы орналастырылу және маусымға байланысты өзгертетін анықтайды
Ол физикалық (климат жасайтын) процестердің, күн радиациясының, атмосфералық циркуляцияның, жер беті бедерінің туындысы. Белгілі бір жердің климатын толық білу, оның басқа жердің климатымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыру, сонымен қатар берілген жердің климатының өзгеруін байқау тек көп жылдар бойы жүргізілген байқауларды жүйелеу, қорыту негізінде айқындалады. Жер шарының әр нүктесіндегі климаттың әр түрлі болуы — климат құрайтын факторлардың, ягни осы процестерді жасайтын географиялық жағдайлардың айырмашылығынан туады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1923 жылы болған сапалық өзгеріс, оның себебі
Отқазақша жауап барма