1) 1919 жылы 28 маусымда Версальда қол қойылған бітім 1914 – 18 жылдардағы 1-дүниежүзілік соғысты ресми аяқтады. Бітімге бір жағынан, Германия, екінші жағынан, АҚШ, Англия, Франция, Италия, Жапония және олармен одақтас мемлекеттер қол қойды (қ. Версаль бейбіт келісімі). 2) 1919 жылы 10 қыркүйекте Сен-Жермен сарайында Австриямен бітім жасалды. Австрия империясы жойылып, оның құрамындағы жерлер Чехославакияға, Югославияға, Италия және Румынияға өтті. Австрияның әскери күштері 30 мың адамға қысқартылды. 3) 1919 жылы 27 қарашада Болгариямен бейбіт бітімге қол қойылып, оның біраз жерлері Румыния, Югославия, Грекияға берілді. Болгарияға теңіз флотын ұстауға тыйым салынды, әскери салық төлеуге, қарулы күштерін 20 мыңнан артық ұстамауға міндеттеді. 4) 1920 жылы 4 маусымда Венгриямен бейбіт бітім жасалды. Ол біраз жерлерін Чехославакия, Румыния, Югославияға беруге, әскер санын 30 мыңға төмендетуге тиіс болды. 5) 1920 жылы 10 тамызда Севр (Париж маңында) бітімі іс жүзінде биліктен айырылған Түркияның Стамбұлдағы үкіметімен жасалды. Осман империясы өз аумағының 3/4-нен айырылды. Бұғаздар (Дарданелл және Босфор) ашық деп жарияланып, сауда және соғыс кемелерінің еркін өтуіне құқық берілді. Түркияның теңіз флоты қатты шектеліп, әскери күш 50 мың адамға қысқартылды. Бұл бітімді Мұстафа Кемал (Ататүрік) бастаған революциялық үкімет мойындамады. Кейін Грекия – Италия интервенциясы сәтсіздікке ұшырағанда, Анкарадағы Түркия үкіметі 1923 жылы 24 шілдеде Лозанна бітім шартына қол қойып, негізгі аумағын сақтап қалды, бірақ араб елдерінен, Жерорта теңізіндегі көптеген аралдардан бас тартты. Батыс мемлекеттерінің қысымына байланысты Мосул аймағының тағдыры Ұлттар лигасына тапсырылып, ол 1926 жылы Иракқа берілді. Бұғаздар мәселесі батыс елдерінің мүдделеріне сәйкес шешілді. Париж бітім конференциясы Еуропада бейбітшілік орнатуға жарамады. Оны көп ұзамай тұтанған 2-дүниежүзілік соғыс дәлелдеді.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Назовите основные битвы и их временные рамки во время великой отечественной войны (41-45 года)