Толық мақаласы: Моңғол шапқыншылығы
XIII ғасырда Шыңғыс хан империясының құрылуына байланысты Қазақстандағы этностық жағдай елеулі өзгерістерге ұшырады. Шыңғыс хан жаулап алған кез, әсіресе алғашқы онжылдықтар жерді, елді, қала мәдениетін қатты күйзеліске ұшыратты.
Қазақстан жерін мекендеген түркі тектес тайпалардын біртұтас халық болып бірігуі Моңғол шапқыншылығына дейін аяқталуға жақын еді. Бұл үдерісті Моңғол шапқыншылығы бірнеше ғасырға баяулатып, шегеріп тастады.
Сонымен катар Моңғол шапқыншылығы Қазақстанның және көрші аймақтардың этностық құрамына едәуір өзгерістер енгізді, этностық шекараларды өзгертті.
Шыңғыс хан жорығына дейінгі кезеңде Қазақстан жеріне найман, керей, меркіт, жалайыр тайпалары шығыстан келіп қоныстанса, Моңғолдарды жаулап алған кезеңде мұнда маңғыт, қиат, барлас, қоңырат, татар, т.б. тайпалар қоныс аударды.
Қазақстан жеріне басып кірген Шыңғыс хан әскерінің құрамында болған Моңғолдардың саны туралы нақты мәлімет жоқ. Шыңғыс хан жорығына, оған сол кезде бағынышты болған ұйғырлардың, қарлұқтардың әскерін қосқанда, Орталық Азияға басып кірген әскердің жалпы саны 150 мыңдай адам болған. Жаулап алу барысында бұл әскер Моңғолдардың өз есебінен және де Оңтүстік Сібірдің, Алтайдың, Батыс Моңғолияның түркі тілдес тайпаларының есебінен толығып отырды.
Алтай мен Ертіс өңірінен ауған талас, төлеңгіт, барын, т.б. түркі тайпалары Жетісуға қоныстанды. Жаулап алу барысында Моңғол жауынгерлерінің, Моңғол әскері құрамындағы түркі тілдес жауынгерлердің бір бөлігі жергілікті жерлерді басқару, күзет қызметі үшін қалдырылып отырды. Бірақ олар жергілікті халықтан қыз алып, бірте-бірте тұрғылықты елмен сіңісіп кетті.
Моңғолдардың батысқа қарай жорығы, ең алдымен, Қазақстан жерінен басталды. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы бүкіл әлемде бұдан жақсы жер, бұл ауадан таза ауа, бұл судан тәтті су, бұл көкмайса мен жайылымдардан кең жайылым жоқ деп білді.
1237 жылы Шыңғыс ханның немересі Батый ханның бастауымен Шығыс Еуропаға аттанған Моңғол әскерінің құрамында көшпелі қыпшақтар мен басқа да түркі тайпаларының өкілдері едәуір көп болды. Осы жорықтың нәтижесінде, 1242 жылы Алтын Орда құрылды. Моңғол әскері Жайықтан әрі өткен кезде оның қатарына оңтүстік орыс жерін мекендеген половецтер мен саксиндер де қосылған еді.
Моңғол шапқыншылығы әсіресе Жетісудың, Шығыс Қазақстанның этностық құрылымын қатты өзгертті, бұрынғы этностық байланыстарды әлсіретті.
Моңғолдардың жаулап алуы кезеңінде Сыр еңіріндегі қала, дала халқының саны күрт азайып кетті. Әсіресе Отырар, Сығанақ және Ашнас қалаларының халқы Моңғолдарға қатты қарсыласқаны үшін аяусыз қырылған.
1245—1247 жылдары Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінен жүріп өткен Плано Карпини былай деп жазады:
“ 'Біз кангиттер (қаңлылар) жеріне кірдік... Осы жерден, сондай-ақ Каманиядан (қыпшак жері) біз өлген адамдардың шашылып жатқан бастары мен сүйектерін көрдік...' ”
Моңғол шапқыншылығы бұл өңірде бұрын қалыптасып калған шаруашылық-экономикалық, мәдени-этностық дамуды бұзды. Сонымен қатар Моңғол шапқыншылығы Қазақстан жерінің этностық құрылымына едәуір өзгеріс әкелген саяси фактор болды. Бір жағынан Қазақстан жеріне сырттан келген Моңғол, түркі тектес тайпалар қоныстанса, екінші жағынан жергілікті халықтың біраз бөлігі Шыңғыс ұрпақтарының жорықтарына тартылып, елімізден тыс аймақтарға ауды.
Соның нәтижесінде, жергілікті түркі тектес рулар, тайпалар бір-бірінен ажырап калды, бұрынғы тұтастығынан айырылып, майдаланып кетті. Бұл үлкен ру, тайпалардың халық болып бірігуін қатты тежеді. Моңғолдар шапқыншылығынан аяқталуға жақын қалған тайпалардың, тайпалық одақтардың халық болып бірігуі бірнеше ғасырға шегерілді.
Моңғолдардың келуімен тайпалардың басқару жүйесінде, шаруашылық қарекетінде, тұрмыс-тіршілігінде, салт-санасында белгілі бір өзгерістер болды. Әсіресе оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердегі қалыптасып қалған қала мәдениеті, егіншілік қатты күйзеліске ұшырады, кей жерлерде мүлде құрып, қайта бұрынғы қалпына келе алмай қалды.
Объяснение:
:)
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Складіть перелік найважливіших подій, що відбулися в провідних державах світу в останній третині ХІХ — на початку ХХ ст.
На зміну княжій Русі на українських землях встановлювалися нові самостійні держави. На звільненому від Орді Полі Половецькім виникли козацькі війська-держави з центрами на Дніпрі та Дону. Це були напівосілі держави, керовані виборною військової владою. Важливим джерелом доходів цих військових держав був прибуток і плата за участь у війнах на боці інших держав. Саме завдяки цьому звичаю українці зберегли традиції власної державності впродовж наступних чотирьохсот років. Першими військовими успіхами стали походи проти імперії Османів.
Взято з сайту Україна - це ми! https://we.org.ua/history/pohodzhennya-kozatstva-na-ukrayinskyh-zemlyah/