Дружинин
?>

Ассирия державасы ерекшелігі: Жаңа Вавилон ерекшелігі: Парсы империясы ерекшелігі:

История

Ответы

krtatiana69

Ассирия" — біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың бас кезінде Тигр өзенінің орта ағысы тұсында (қазіргі Ирак аумағы) құрылған ірі мемлекет. Ассирияның болашақ астанасы Ашшур қаласы маңызды сауда жолдарының бойында орналасты. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда осы қала басшылары көрші территорияларды жаулап алып, Ассирия мемлекетінің негізін қалады. Көп ұзамай Вавилон ықпалына түскенімен, ол әлсірей бастаған уақытта қайтадан тәуелсіздікке қолы жетті. Біздің заманымыздан бұрынғы 14 ғасырда Митанияны жаулап алып, қуатты мемлекетке айналды. Хет патшалығы құлағаннан кейін Ассирия билеушісі Тиглатпаласар І (біздің заманымыздан бұрынғы 1115 – 1077) бірнеше сәтті жорықтар нәтижесінде мемлекет шекарасын Вавилоннан Мысырға дейін кеңітті. Бірақ Арабиядан келген арамейлердің шапқыншылығына ұшырағандықтан бір жарым ғасыр бойы құлдырау кезеңін бастан кешірді. Тек біздің заманымыздан бұрынғы 10 – 9 ғасырларда ғана мемлекеттің жағдайы тұрақтанып, күш-қуаты арта түсті. 

Вавилон  "Тәңірі қақпасы" деген мағынада,–  Қос өзен бойындағы ежелгі мемлекет. Даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді: 1) ерте Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 1894 – 1518); 2) касситтер дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1518 – 1204); 3) саяси құлдырау дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1204 – 626); 4) жаңа Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 626 – 538). Месопотамияның оңтүстік бөлігінде (қазіргі Ирак жері) біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың басында пайда болған бұл мемлекет өзінің басты қаласының атауымен аталды. Ол алғашында (біздің заманымыздан бұрынғы 24 – 22 ғасырлар) Аккад мемлекеті патшаларының, кейіннен Ур әулетінен шыққан (біздің заманымыздан бұрынғы 22 – 21 ғасырлар) патшалардың қол астына қарады. Парсылар,[1][2] (өз атауы – фарсы, ирани) – ұлт, Иранның негізгі халқы. АҚШ, Ирак, Австрия, Франция, Ұлыбритания, ТМД елдері, т.б. мемлекеттерде де тұрады. Жалпы саны 33 млн. адам (2002). Антропология жағынан үлкен еуропоидтық нәсілдің үнді-жерортатеңіздік тобына жатады. Парсы тілінде сөйлейді. Ислам дінінің шиит тармағын ұстанады. Ежелгі иран тайпалары Орталық Азиядан б.з.б. 2-мыңжылдық соңында оңтүстік-батыс өңірлерге қоныстанған. Олар Мидия мемлекетінде, Ахемен әулеті құрған мемлекетте негізгі рөл атқарды. 7 ғасырдағы араб шапқыншылығынан кейін парсылар арасында ислам діні тарала бастады. Парсылардың этникалық тарихында арабтардан соң түріктер (11 – 12 ғасырлар, салжұқтар), түркі-моңғолдар (13 –14 ғасырлар, Хұлағу әулеті) өз іздерін қалдырды. 16 ғасырдың бас кезінде парсылар ирандық Сефеви әулетіне бағынса, 19 ғасырдың орта тұсында оларға қаджарлар өз үстемдігін орнатты. 

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Ассирия державасы ерекшелігі: Жаңа Вавилон ерекшелігі: Парсы империясы ерекшелігі:
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Guskov
borisovaks496
mzia-mzia-60682
kronid12
o-lala88387
Бернард pokerman
Радецкая264
Anatolevich
vladburakoff5
ckiras9
denbelousov963
rs90603607904
mdubov59
wwladik2606222
dariamay1996
▲