Оздоевский
?>

Напишите сочинение на казахском языке на тему "традиции моей семьи"не много, хотя бы 10-12 предложений. надо на завтра.

Казахский язык

Ответы

vasiliiparshin7668
Бүгінде көшеде жүрсеңіз немесе бір әлеуметтік ортада, қонақасыда болсын өспірім ң шектен шыққан тентектігін кездестіріп жатамыз да, бұл қай отбасының екен деп сәбиге емес, оның отбасына өкпелеп жататынымыз бар. өйткені отбасы- өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан қытар жылуы. отбасының ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмас. отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
xobby18
Мағжан жұмабай (әбілмағжан) бекенұлы (25 маусым 1893, солтүстік қазақстан облысы, қазіргі мағжан жұмабаев ауданы, сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, алматы) – алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. атасы – жұмабай қажы. әкесі бекен айналысқан дәулетті болған. анасының есімі – гүлсім. мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары қызылжардағы (петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен м.бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. медреседе бегишевтен шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, фирдоуси, сағди, хафиз, омар һайям, низами, науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
kuk-nina

EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі.

2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін сайлау қарсаңы науқанына ресми түрде кірісті.

2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді. Біздің Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.

2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана жеңіске жетіп, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын ретінде таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.

Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.

Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады.

ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.

2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.

2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне таяу орын тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені құрылысын бастап берді.

Объяснение:

Не знаю сколько слов сама потом разабрёшся ок

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Напишите сочинение на казахском языке на тему "традиции моей семьи"не много, хотя бы 10-12 предложений. надо на завтра.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*