Minchenkova
?>

Сочинение на тему "дос не үшін керек"."для чего нужны друзья".

Казахский язык

Ответы

marinatehnomaster21
Жақсы дос – жан азығы. досқа деген сыйластық сезімі – әр ң бойында бар қасиет. сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, ешқашан жалғыздық көрмейді. достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ. ел арасында айтылатын мына бір аңыз есімізге түседі: ертеде, елімізде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. кенет тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасап, елдің мал-мүлкін тонап, азаматтарын айдап әкетеді. досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр, күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. анталаған жау әскері оны бас салып ұстап, тұтқынның сұрауымен қолбасына алып келеді. жігіт қолбасына: - мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. бірақ менің беретін мал-мүлкім жоқ, тек өмірімді ғана бере аламын. өмірімді алып, досымды босатыңдар, - деп өтінеді. қолбасы: - жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, - дейді оған. - ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. жау жағы оның екі көзін ойып алып, досын тұтқыннан босатады. әлгі жігіт тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, күлімдеп келе жатқан екен. мұны көрген жаудың қолбасы: «мынадай ерлері бар халықты бетпе-бет ұрыста жеңу қиын екен» деп шешіп, әскерлеріне шегінуге бұйрық берген дейді.  досының өмірі, бостандығы үшін ер жігіт көзінен айрылғанына қапаланған да жоқ, керісінше, досының қауіптен құтылғанына риза. «дос – қияметтік» деген сөз осындай қасиеттің көрінісі ретінде қалса керек. ерте заманның шешені әрі ойшылы цицерон: «достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады», - деген. достар сыйластығы бір-біріне қалтқысыз сенген, риясыз сенім сезіміне ие болған ң арасында болады. ол үлкен өмір жолынан өткен, тәжірибеде жинақталған, қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым берік болмақ. қазақта «киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер айтпаған. шағынан бір-бірінің мінезін, әдетін, ой-өрісін біліп өскен достар арасындағы сыйластықтың орны бөлек, ол анағұрлым берік әрі түбегейлі. 
tvmigunova551
Желаю вам цвести, расти, копить, крепить здоровье. оно для дальнего пути - главнейшее условье. пусть каждый день и каждый час вам новое добудет. пусть добрым будет ум у вас, а сердце умным будет. вам от души желаю я, друзья, всего хорошего. а все хорошее, друзья, дается нам недешево! сендерге гүлдеуді тілеймін, жинап, денсаулықты сақтау. ол алыс жолға арналған- ең басты шарт. әр күн, әр сағат сендерге жаңа (нәрселерді) тапсын. жақсы болсын сендердің ақылдарың, ал жүректерің ақылды болсын. сендерге жан дүнйеммен, достар, қ жақсылықты тілеймін. ал барлық жақсылық, достар, біздерге арзан берілмейді!
sttig
Бұл (осы) жылы біз мемлекеттік емтихан тапсырамыз. емтихан, ең алдымен, бұл біздің білімімізді тексерулердің бір тәсілі. мен 5 сабақтан емтихан тапсырамын. бесінші сабақ, қалауынша, мен биология сабағын таңдадым. биология сабағы маған өте ұнайды, мен оны оңай тапсыратыныма сенімдімін. мен емтихандарға өте жақсы дайындалып жатырмын. тыным таппай барлық өткен тақырыптарды түсінүге талпынамын. мен емтиханға байсалдықпен қараймын. мен күнде дайындаламын және қосымша құралдар сатып аламын. біреулер үшін емтихан әншейін тест, бірақ мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. мен емтихандарды жақсы тапсырғым келеді. мен өзіме сенімдімін, емтиханды жақсы тапсырамын.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сочинение на тему "дос не үшін керек"."для чего нужны друзья".
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

marinarodina90
Lazar
Карева Даниил1537
Koshkina Alekseevna
Alekseevich_Viktorovna
zoomagazinkotmatroskin
saltikovaPavlenko
Tomilova1686
misspodvigina
asvirskiy26
Mamikin
SaraevaTretyakov1941
nadnuriewa8110
spec-nt
adminaa