ел мен жер егіз.
елге бай құт емес, би құт.
жұрт дегенде жұмылып,
ел дегенде егіліп.
иесіне керек болса қоңсы өкпелемейді.
е, құдайым, би қыл,
би қылмасаң, би түсетін үй қыл.
елдестірмек елшіден,
жауластырмақ жаушыдан.
елшінің қылышы – тіл.
ел ағасымен жарасады,
киім жағасымен жарасады.
аталар сөзі –
ақылдың көзі
туған жер - тұғырың,
туған ел - қыдырың.
ел қадірін көрген біледі,
жер қадірін жүрген біледі.
елінде көгерер,
қоға көлінде көгерер.
бөтен жердің гүлінен
туған жердің тікені артық.
өз елімнің басы болмасам да,
сайының тасы болайын.
туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
елінен безген оңбайды,
көлінен безген қонбайды.
ел болам десең, бесігіңді түзе.
отан – елдің анасы
ел – ердің анасы.
туған жердей жер болмас,
туған елдей ел болмас.
отанды сүю – отбасынан басталады.
туған жердің жуасы да тәтті.
ер елінде,
гүл жерінде.
өз елінде көртышқан да батыр.
өз елінің иті де қадірлі.
отан үшін күрес,
ерге тиген үлес.
құртақандай торғай да,
өз ұясын қорғайды.
орағың өткір болса,
қарың талмайды.
отаның берік болса,
жауың алмайды.
отансыз –
ормансыз бұлбұл.
үйде оңбаған,
түзде де оңбаған.
елінен безген ер болмас,
көлінен безген қаз болмас.
сағынған елін аңсайды,
сарыала қаз көлін аңсайды.
жат елдің қаршығасынан,
өз еліңнің қарғасы артық.
бақа көлінде патша,
қ суында патша.
жігіт елінде патша.
егілмеген жер жетім,
елінен айрылған ер жетім.
отанға опасыздық еткенің,
өз түбіңе өзің жеткенің.
ерінен айрылған көмгенше жылайды,
елінен айрылған өлгенше жылайды.
ел іші алтын бесік.
жері байдың елі бай.
отан –қуат,
отбасы – шуақ.
ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.
есің барда елің тап.
туған жердің ауасы да шипа.
еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.
ерден аспақ болса да,
елден аспақ жоқ.
орта жүзді қамшы беріп дауға қой,
ұлы жүзді қауға беріп малға қой,
кіші жүзді найза беріп жауға қой.
данышпан айтса, ел айтқаны,
елдің қамын жеп айтқаны.
елің - панаң,
жерің – анаң.
өз елің өзекке теппес.
елуінде ер дана,
елу жылда ел жаңа.
ел жасымен көрікті,
тау тасымен көрікті,
аяқ асымен көрікті.
өз елің - алтын бесігің.
кісі елінде сұлтан болғанша,
өз еліңе ұлтан бол.
ит тойған жеріне,
ер туған еліне.
кімнің жерін жерлесең,
соның жырын жырларсың.
өз елімнің басы болмасам да,
сайының тасы болайын.
елінен безген оңбайды,
көлінен безген қонбайды.
іргесі берік елді
жау ала алмас.
ауызы бір елді,
дау ала алмас.
ұлтарақтай болса да,
ата қонысы жер қымбат.
ат төбеліндей болса да,
туып өскен ел қымбат.
жат елдің жақсысы болғанша,
өз еліңнің сақшысы бол.
өз елім - өлең төсегім.
ынтымақсыз елді -
ұрысы билейді.
ынтымақты елді -
дұрысы билейді.
алтын алма, алғыс ал,
алтын деген - жер сыйы,
алғыс деген - ел сыйы.
ел даусыз болмайды,
ер жаусыз болмайды.
бүлінген елден,
бүлдіргі алма.
қ іздесең көлге бар,
береке іздесең елге бар.
ел-жұртыңның қадірін
іс түскенде білерсің.
сары тонның қадірін,
қыс түскенде білерсің.
еркектің жаманы,
қатынын жамандар.
елдің жаманы,
батырын жамандар.
аңқау елге - арамза молда.
отан – оттан да ыстық.
отансыз ,
ормансыз бұлбұл.
нұрсұлтан назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде алматы облысының қарасай ауданына қарасты шамалған ауылында әбіш пен әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде іле алатауының баурайындағы үшқоңыр жайлауында әбіш пен әлжан назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. оған әке-шешесі нұрсұлтан деп ат қойды.сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі мынадай ұсыныс білдірді: «менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. оның аты нұрсұлтан болсын».әлемдегі барлық әжелер секілді да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
әкесі – әбіш 1903 жылы алатаудың бөктерінде, назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.әбіш назарбаев көңілді, қадірлі болды. ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және қар тілдерінде де еркін сөйлейтін. әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. әбіш назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
анасы әлжан 1910 жылы жамбыл облысы қордай ауданы қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген әлжан әбішпен танысады. ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. жарқын жүзді әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. әлжан назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.
жасөспірім шағы нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті. жас кезінде іле алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан астында жанған алау маңына түнеген романтикалық сәттері де болды. әке-шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген ң берік түп-тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан-дүниені тербейтін әндер шырқайтын. кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін.ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен ң наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
қызмет жолы1960 жылы днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы кеңес одағы коммунистік партиясы орталық комитетіне қарасты жоғары партия мектебін бітірген.
еңбек жолын 1960 жылы теміртау қаласындағы қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос: