Veselova
?>

Составить диалог на казахском языке на тему "қазақтың дастарханы" если можно побыстрей до завтра

Казахский язык

Ответы

ВалерийАндреевна1788
Шет елден ерланға досы михаил келді. ернар: сәлем, михаил! халің қалай?   михаил: сәлем, ернар! халім жақсы. өзің қалайсың? ернар: менің де халім жақсы. жүр, үйге кір. апам тамақ әзірлеп қойды. сенің қарның ашқан шығар? михаил: иә, менің қарным ашты. апаңның дайындаған тағамдары өзгеше екен, маған бұл тағамдар туралы айтып берші. ернар: жарайды, айтайын. мынау - бешбармақ. ол қазақтың ең басты тағамы. оны сыйлы қонақ келген кезде жасайды. бешбармақтың негізгі құрамы еттен тұрады. ал мынау- бауырсақ. ол ұннан жасалады. ол өте демді. қазақтың ең керемет тағамдарының бірі ол- қазы. оны жылқының етінен жасайды. қазыны басқа малдың етінен жасауға болмайды. ал сусынға келетін болсақ, біздің дастарқанымызда шұбат  және қымыз тұр. шұбат - нардан, ал қымыз - биеден алынады. олар сенің шөліңді тез қандырады, ішіп көр. михаил: иә, қазақ асханасында осыншама дәмді тағамдар бар деп ойламаппын. өте керемет. анаңа рахмет. өте дәмді болыпты. қазақ дастарханы әрқашан жайнап әртүрлі тағамдарға толы болып тұрады екен. келгеніме түк өкінбедім. рахмет, ернар. сау бол. ернар: сау бол, михаил.
Илья Владимировна

қалау рай  образуется путем присоединения к основе глагола суффиксов -ғы, -гі после конечных гласных и звонких; -қы, -кі после конечных согласных звуков и сочетается с глаголом кел.

первый компонент обозначает название действия и спрягается по лицам, а второй компонент кел в роли служебного глагола изменяется по всем формам глагола и по значению соответствует глаголам хотеть, желать. например: оқығым келеді - хочу читать, оқығың келеді - хочешь читать, оқығыңыз келеді - хотите читать, оқығысы келеді - хочет читать.

ignashkinamasha
Қалау рай етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады. мысалы: менің оқығым келеді. ол үйіне жетсе игі еді. не де болса шынын айтқайсың. берілген мысалдардағы оқығым келеді, жетсе игі еді, айтқайсың деген етістіктер іс иесінің (мен) оқу іс-әрекетін, (ол) үйіне жету кимылын, (сен) айту іс-әрекетін қалау мәнін, соған ынтасын білдіріп тұр. қалау рай мынадай жолдармен жасалады. 1. етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеледі. кел көмекші етістігіне есімше, көсемше жұрнақтары жалғанып, әр түрлі шақ мәнінде iii жақта қолданыла береді. мысалы: (менің) бар-ғы-м кел-ді, (-еді, -іпті, -ген, -ер), (сенің) бар-ғы-ң кел-еді, (-ді, -пті, -ген, -ер), (сіздің) бар-ғы-ңыз кел-ер, (-ді, -іпті, -ген, -ер), (оның) бар-ғы-сы кел-іпті (-ді, -ген, -еді, -ер) (біздің) кет-кі-міз кел-ген (-ді, -еді, -ер, -іпті), (сендердің) кет-кі-лерің кел-ді. демек, калау райдың бұл түрі тәуелдік жалғауы жалғанып жіктеледі. 2. шартты рай тұлғасына (-са, -се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. мысалы: (мен) алсам игі еді, (сен) алсаң игі еді, (сіз) алсаңыз игі еді, (ол) алса игі еді. 3. етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнағы жалғанып, жіктеліп келіп жасалады. мысалы: (мен) бар-ғай-мын, (сен) бар-ғай-сың, (сіз) бар-ғай-сыз, (ол) бар-ғай. кейде -ғай, -гей, -қай, -кей тұлғалы етістік жіктеліп келген еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те қалау рай жасалады. мысалы: (мен) бар-ғай едім, (сен) барғай едің, (сіз) барғай едіңіз, (ол) барғай еді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Составить диалог на казахском языке на тему "қазақтың дастарханы" если можно побыстрей до завтра
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*