Алло, сәлеметсіз бе? - алло, сәлеметсіз бе? - бұл мараттың пәтері ме екен? - иә, мараттың пәтері. - маратты телефонға шақырыңызшы. - марат үйде жоқ еді, ол іссапарда. кешіріңіз, сіз кім боласыз? - қап, мен семейден келіп едім. мараттың досы – асанмын. ертең кетемін. оның ұялы телефонының нөмірін бересіз бе? - асансыз ба, сіз туралы марат айтқан. асан, өзіңіз қалайсыз, отбасыңыз, -шағаңыз қалай? мен мараттың жұбайы – арайлыммын. - арайлым, кешіріңіз. біз таныс емеспіз ғой. сондықтан білмей жатырмын. менің отбасым, -шағам аман, бәрі жақсы. өздеріңіз қалайсыздар? - рақмет. бәрі жақсы. марат астанаға кетті. асан, бізге қонаққа келіңіз. үйде мен бармын. мараттың анасы бар. - көп рақмет. келе алмаймын. асығыспын. келесіде міндетті түрде келемін. - жарайды, онда қинамайын. мен оның ұялы телефонын берейін. жұмыс телефонын да жазып алыңыз. - иә, жазып алайын. - сізге көп рақмет. маратқа сәлем айтыңыз. - оқасы жоқ. - сау болыңыз. - сау болыңыз.
magichands68
22.06.2020
алтай мен атырау арасын алып жатқан мына дархан төсін қанымен, терімен суарған ата-ң қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесінің айғағы – қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуымен байланысты. осы орайда 2016 жылы "қазақпарат" баспа корпорациясының баспаханасынан "ұлы даланың дара тұлғалары" атты ортақ айдармен "қазақ хандары", "қазақ би-шешендері", "қазақ батырлары", "қазақ тарихындағы әйелдер" атты танымдық жинақтар жарық көрді. бұл жинақтарда – осынау тарих көшінде қазақ топырағында өз заманының биік тұлғасы болып қалыптасқан ұлағатты ң өмір-тарихын қамтитын, қысқаша мәліметтер берілген. осы жинақтар хақында елбасы н.ә. назарбаев "бізге тұлпарларының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. қазақтардың бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым орынды мақтан ететін болады" -дейді. яғни, тарихты жасайтын ұлы тұлғаларымызды өскелең ұрпақтың ұлт мүддесіне қызмет етуіне жол ашатын бұл жинақтарды біздің кітапханамыздың қорынан алып, танысуларыңызға болады.