«көксерек», жазушының повесі. реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. бейнелеп отырған болмыстың қырсырын бажайлай таныған суреткер зады ежіктеуден, тамшы арқылы көл суретін, тас арқылы тау кескінін елестетуді эстетикалық мұрат тұтқан. бұл образ табиғатына сандық белгіден гөрі сапалық ерекшелік хас екендігін айқындап, әсемдіктің гармонияға, симметрияға, тұтастыққа кіндіктестігін тағы да тиянақтай түседі. повесть шағын-шағын сегіз тармаққа бөлінген. бұлар дөңгеленіп, аяқталған сом сурет, өз алдына жеке картина іспетті, әрқайсысында әр түрлі баяндау, суреттеу тәсілдері қолданылған. – бөлтірік – орта. бұл үшеуін автор диапектикалық байланыста бейнелеу үшін, қажетіне қарай баяндау әдісін құбылтып, өзгертіп отырады. кісі қолында өскен қасқыр күшігінің қалыптасуында қоршаған орта ықпалы бірінші қатарға шығарылады.бұл хайуанаттар туралы шығармаларда әжептәуір тиянақталған мотивті әуезов қазақ топырағына, көшпелі сахара шындығына сәйкес әуенде шертеді. бөлтіріктің өсуін бейнелегенде, автор натуралистік, зоологиялық өзгерістерді жіпке тізіп жатпай, мінез ерекшеліктеріне, сыртқы ықпал әсерінен болған жәйттерге назар аударады. көксеректің үлкен иттерден, қатын-қалаштан көрген жәбір-жаласы ішіне шемен болып қатып, жалғыз құрмаш қамқорлығы жүректегі мұзды жібіте алмаған. повесть сюжеті құрмаш өлімімен тиянақталып тұр. шығарманы осымен бітіруге болатын еді, бірақ өйткен күнде, жазушы позициясы, авторлық мұрат көмескі тартып кетері сөзсіз. зұлымдыққа, озбырлыққа қарсы тұрар, оны жеңер күш бар деген сарынды әуезов әдіптей түседі. рас, аққасқырдың әрекет, кимылы көзге елестердей жанды кейіпте емес. сырт пошымы да жақсы есте қалмайды. мұның есесіне соңғы бөлімде көксерек ізіне түсуі әсерлі баяндалған. талай иттің мойнын бұрап, мал атаулыға қырғидай тиген көксерек әлі де осал еместігін көрсетеді. «ауылға әкелгенде құрмаштың әжесі боздап келіп: – қуарған-ай, неңді алып не жазып едім? бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным? – деп елді тегіс еңіретіп, көксеректі басқа тепті». ана кесімі – көксеректі басқа тебуі. жазушының гуманистік идеалын да осы орайдан іздеуіміз керек. қолында өскен, бірақ ға қиянат еткен, оның ет-бауырын езіп, жара сапған көкжал сол қолынан өлім тапты. образды ой символдық ойға, әуенді сарын үлкен идеяға ұласып, сахара топырағындағы шындықты қанық бояу, айқын колоритпен бейнелеген «көксерек» бір әдебиет шеңберінен биіктеп көтеріліп, әлемдік жауһарлар қатарына қосылған. «көксерек» тұңғыш рет «жаңа әдебиет» журналында жарияланды (1929, №2-3). әуезовтің «қараш-қараш» (1960), «қилы заман» кітаптарында, 12, 20 томдық шығармалар жинақтарында шықты. бірнеше рет жеке басылды, а. пантиелев аудармасымен «новый мир» (1960, №9) журналында жарық көрді. көптеген шетел тіддеріне аударылды. 1977 ж. қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. шығарма бойынша «көксерек» фильмі түсірілді, қазақ, неміс, орыс тілдерінде спектакльдер қойылды.
ғылым таппай мақтанба,
орын таппай баптанба,
құмарланып шаттанба
ойнап босқа күлуге.
бес нәрседен қашық бол,
бес нәрсеге асық бол,
болам десеңіз.
тілеуің, өмірің алдыңда,
оған қайғы жесеңіз.
өсек, өтірік, мақтаншақ,
еріншек, бекер мал шашпақ —
бес дұшпаның білсеңіз.
талап, еңбек, терең ой,
қанағат, рақым ойлап қой —
бес асыл іс, көнсеңіз.
жамандық көрсең нәфрәтлі,
суытып көңіл тыйсаңыз.
жақсылық көрсең ғибрәтлі,
оны ойға жисаңыз.
ғалым болмай немене,
қты қисаңыз?
болмасаң да ұқсап бақ,
бір ғалымды көрсеңіз.
ондай болмақ қайда деп,
айтпа ғылым сүйсеңіз.
сізге ғылым кім берер,
жанбай жатып сөнсеңіз?
дүние де өзі, мал да өзі,
ғылымға көңіл берсеңіз.
білгендердің сөзіне
махаббатпен ерсеңіз.
ақыл сенбей сенбеңіз,
бір іске кез келсеңіз.
ақсақал айтты, бай айтты,
кім болса мейлі, сол айтты
ақылменен жеңсеңіз.
надандарға бой берме,
шын сөзбенен өлсеңiз.
аят, хадис емес қой,
күпір* болдың демес қой,
қанша қарсы келсеңіз.
көп орында көріне айтпа,
біздің сөзге ерсеңіз.
мұны жазған кісінің,атын білме, сөзін біл! осы жалған дүниеден.шешен де өткен не бұлбұл,көсем де өткен не дүлдүл.сөз мәнісін білсеңіз,ақыл-мизан*, өлшеу қыл.егер қисық көрінсе,мейлің таста, мейлің күл.егер түзу көрінсе,ойлап-ойлап, құлаққа іл.ақымақ көп, ақылды аз,деме көптің сөзі бұл.жақынның сөзі тәтті деп,
жақыным айтты дей көрме.
надандықпен кім айтса,
ондай түпсіз сөзге ерме,
сізге айтамын, қаупiм —бұл.
өзің, үшін үйренсең,
жамандықтан жиренсең,
ашыларсың жылма-жыл.
біреу үшін үйренсең,
біреу білмес, сен білсең,
білгеніңнің, бәрі — тұл.
сөзіне қарай кісіні ал,
кісіге қарап сөз алма.
шын сөз қайсы біле алмай,
әрнәрседен құр қалма.
мұны жазған білген құл,
ғұламаћи дауани
солай депті ол шыншыл.
сөзін оқып және ойла,
тез үйреніп, тез жойма,
жас уақытта көңіл — гүл
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Перведите диалог на казахский язык . -, тамерлан! -, дильназ! -что ты делаешь? -я маме печь баурсаки.это мое любимое блюдо! а какое твое любимое блюдо? -мое любимое блюдо это бешпармак.его готовит моя бабушка.получается вкусно! -я тоже люблю бешпармак! мне пора! пока! -пока!