Есептік
1)Олимпиадаға он екі оқушы қатысты.
2)Анам дүкеннен бір қорап шоколад сатып алды.
Реттік
1)Айдос мәреге үшінші болып келді.
2)Мектепте бесінші сынып оқушылары өзара сайысқа түсті.
Жинақтық
1)Алижан мен достары футболды бесеу болып ойнады.
2)Асханада қоспа саны үшеу болатын ерекше тағам дайындалды.
Болжалдық
1)Алыстан он шақты кісілер келе жатыр.
2)Аламан бәйгеге жүздеген жүйрік жылқы қатысты.
Бөлшектік
1)Алып мұздықтардың үштен бірі ери бастаған.
2)Лекцияға студенттердің бестен екісі қатыспады.
Топтау
1)Біз топқа екі-екіден бөліндік.
2)Жайдарман ойыншылары келесі сайысқа үш-үштен болып бөлінді.
Әсет: – Сәлем,Самат!
Самат: – Сәлем,Әсет!Қалайсың?
Әсет: – Жақсы,өзің ше?Алматыға қош келдің, достым!
Самат: – Менде де бәрі жақсы.Ия,жазғы демалысымды Алматыда өткіземін деп шештім.Сенің уақытың болса,мені қала ішін аралатып,таныстыра аласың ба?
Әсет: – Әрине,жүр кеттік!Бізге жақын жерде қаланың символына айналған әрі ең әдемі субұрқақ "Шығыс күнтізбесі" бар.
Самат: – Субұрқақтың есімі қызық екен.Неге олай атаған?
Әсет: – Өйткені,субұрқақ Шығыс халқының 12 жылдық күнтізбесі бейнесін береді.
Самат: – Түсінікті.Ал субұрқақтың сыртқы көрінісі қандай?Субұрқаққа жеткенше біліп алғым келеді.
Әсет– Субұрқақтың сыртқы көрінісі киіз үйдің жоғары бөлігіне ұқсайды.Ортасындағы Күн түріндегі композиция қызғылт түсті.Субұрқақ түбінде смальт мәрмәр тастардан мозаикалар жабыстырылған.
Самат: – Керемет!Көруге асықпын.
Әсет: – Онда тездетейік.Әлі аралайтын жерлер өте көп!
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Көз ілмеді, жүрегі аузына тығылды, төбе шашы тік тұрды, ит өлген жер, арасынан қыл өтпейтін, бармағын шайнау деген сөздерді қатыстырып мәтін құрау керек