Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой перевод: спереди; сзади; снизу; рядом; внутрь: и т.д
larinafashion829
27.01.2023
1 білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет. 2 оқығаныңды айтпа,тоқығаныңды айт. 3 білімге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп. 4 көзі жоқ, құлағы саудың ақылы толады. құлағы жоқ, көзі сау дың ақылы солады. 5 өмір – үлкен мектеп. 6 өмірдің өзі – ұлы ұстаз. 7 жердің сәні – егін, ердің сәні – білім. 8 жер – ырыстың кіндігі, білім – ырыстың тізгіні. 9 білімді бесіктен тесікке дейін ізден. 10 өнер – ағып жатқан бұлақ, ілім – жанып тұрған шырақ.
Константин Андрей
27.01.2023
Жеті,үш және жиырма бір. жеті ата. бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында ң ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. әрбір қазақ өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз. өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның – туыс саналады. қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. 2. әке. 3. ата. 4. үлкен ата. 5. баба. 6. түп ата. 7. тек ата. жеті жұт. 1. құрғақшылық. 2. жұт (мал қырылу). 3. өрт. 4. оба (ауру). 5. соғыс. 6. топан су. 7. зілзала (жер сілкіну). жеті жоқ. 1. жерде өлшеу жоқ. 2. аспанда тіреуіш жоқ. 3. таста тамыр жоқ. 4. тасбақада талақ жоқ. 5. аллаһта бауыр жоқ. 6. аққуда сүт жоқ. 7. жылқыда өт жоқ. жеті қазына. ол жөнінде пікір талас көп. алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. ер жігіт. 2. сұлу әйел. 3. ілім-білім. 4. жүйрік ат. 5. құмай тазы. 6. қыран бүркіт. 7. берен мылтық.