Байқоңыр - ғарыш алаңы. қызылорда облысы қармақшы ауданының аумағында орналасқан. іргесі 1955 ж. қаланған.[1] ғарыш алаңын салу үшін байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. байқоңырда ракета тасығыштың (рт) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған. байқоңырдан протон зымыраны ұшу сәті. байқоңырдың ұшу трассасы арал теңізінен камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырыдды. ол дүние жүзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігін (жжс) орбитаға шығарды. союз tma-13 ұшырылуға дайындық байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.[2] байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде тарихында тұңғыш рет гагарин юрий алексеевич "восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. байқоңырдан күннің, айдың, шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "восток", "восход", "союз", "прогресс" ғарыш кемелері, "салют", "мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "протон", "зонд", "прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "молния", "экран", "горизонт", "радуга", "метеор", т.б. жжс-тері ұшырылды. айды, марсты және шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар рт-лар да байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері т. әубәкіров "союз т-13" ғарыш кемесімен байқоңырдан ғарышқа көтерілді. ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері т.а. мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды. байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. олардың арасыңда байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері қ. тоқмұхамедов, б. межіғұлов, т. уәшев, к.әбілғазин, полковник ә. исмаилов, м. құлымгереев, қ. нұрмағамбетов, с. мұхаметқалиев, б. ешімов, қ. нұрмұқанов, р. құлмырзаев, м. мұқанов, т.б. болды. қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор м.з. рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында ю.а. гагаринмен бірге дайындықтан өтті. байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. қазақстан республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. ресей федерациясына 20 жылға берілді. байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. байқоңыр кешенінен қазақстан республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. ракеталардан түскен қалдықтар қарағанды, павлодар және шығыс қазақстан облыстарына зиян келтірді.
akakne86
17.04.2021
Менің ойымша, мен ең керемет дос емеспін. ешкім керемет емес, әсіресе достар. менің дос қыздарым жақсы және жаман қасиеттерге ие. роксана қиын уақытта көмектесетін жақсы дос, ол ақылды, мейірімді және көңілді. бірақ оның жаман қасиеті ол - қ. наташа жақсы дос. ол ақылды, жомарт және мейірімді. бірақ оның жаман қасиеттері - шашыраңқы және мақтаншақтық. менің достарым керемет емес, бірақ бұл оларды ерекше етеді. ия, жаман қасиеттер бар, бірақ достарымды жақсы көремін және кешіре аламын. вот ответ
dokurova634
17.04.2021
Әдебиеті тарихы қазақ халқының ерте замандардан бастап бүгінге дейін жасаған көркем әдебиет туындыларын толық қамтыды. ежелгі дәуірдегі әдебиетіміз туралы айтқаңда, ең алдымен, екі мәселені айқын түсінуіміз керек. біріншісі – біздің ежелгі дәуір әдебиетіміздің туындылары тек қазақ халқының ғана еншісі емес, олардың басқа түркі тектес халықтардың да әдебиетіне ортақ екендігі. екіншісі – қазақ тілінде емес, ежелгі түркі тілінде жазылғандығы. енді осы жайттарға түсінік бере кетейік. қазақ халқының құрылуына негіз болған ру-тайпалар ол замандарда қазіргі қазақстанды, орта азияны, оңтүстік–шығыс сібірді, орталық азияны, еділ бойын, каспий жағалауларын мекен еткен. олар өзбек, қырғыз, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қарақалпақ, хакас, башқұрт, татар халықтарының төл құрамына енген ру-тайпалармен аралас өмір кешкен. сөйтіп, қ, әлеуметтік, мәдени өмірі бір-бірімен өзара тығыз байланысты болған түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болды. кумандар, дешті қыпшақтар, тағы басқадай атанған жартылай көшпелі, жартылай отырықшы түркі тілдес халықтардың ерлігі, тұрмыс-тіршілігі, арман-қиялы поэзия тілімен жырланып, ерлік эпостар, ертегілер, аңыздарда баян етілген. құлпытас, күмбез түріндегі ескерткіштерге өздерінің елеулі-елеулі тарихи туралы жоқтау, мадақтауларын жыр түрінде ойып жазып қалдырып отырған. бұл түркі ұлыстарының жазу мәдениеті ертеден пайда болғанын көрсетеді. ол жазулар келе күлтегін, тоңұқық*, қорқыт ата, жүсіп ғұни, махмұд қашқари, ахмет йасауи, бақырғани, хорезми, т.б. орта ғасырлық ғұламалар шығармаларының сақталуына негіз болды. ру-тайпалық дәуірде өмірге келген шығармалардың тілі қазаққа түсініксіз болса, олар қазақ әдебиетінің мұрасы бола ала ма деген сұрақ туындайды. кейбір ғалымдардың теріс пікірде екенін де ескеру керек. алайда, ғылыми тұрғыдан қарағанда, олардың теріс жауаптары негізсіз.