құстарға қамқорлық
қыс мезгілі ауа райының ең қатал және суық кезеңі. қыста тіршілік атаулының бәрі көктемді күтіп, ұйқыға кететін тәрізді. жануарларға да, құстарға да қыс ауыр соғады. кейбір құстар көктем келгенше жылы жаққа ұшып кетсе, енді кейбіреулері жыл бойы осында қалып, күннің жылынғанын күтіп, күнделікті жем іздеумен болады.
көбіне біз қыста торғай, шымшық, сауысқан секілді құстарды кездестіре аламыз. оларға жем тауып жеу қиындық туғызады, себебі айналаның бәрі аппақ қарға оранған, не жәндіктер де көрінбейді – бәрі қалың қардың астында ұйқыға кеткен.
осындай уақытта бір жағынан еңбекке баулып, екінші жағынан құстарға көмек ретінде ұя жасатуды үйретуге болады. мысалы, еңбекке баулу сабағында мұғалімнің көмегімен қолжетімді заттардан ұя жасай алады. кейін ұя дайын болғанда, оны ағашқа орнатып,әрдайым ішіне жем шашса, бұл деген құстарға үлкен қамқорлық болып саналады.
бұл ісіміз үшін кейін күн жылынғанда құстар сайрап ән салып, айналаның бәрін шаттыққа бөлеп, көңіл-күйімізді көтеріп, рахмет айтқандай болады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мəтін бойынша "қос жазба" күнделігін толып.түсіндір заранее