inaine73
?>

Соч по казахском у за 3 четверть 7​

Казахский язык

Ответы

jurys71242

скинь , а то я не знаю что делать.

Eduard Melikyan
22 наурыз мерекесі құтты болсын! ата, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен -шағаның бағдаршамы болып жүре бер! төрт түлігің ақты болсын! өрісің малға, үйің жанға толсын! әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін! наурыз мерекесі саған дүниенің бар жақсылығын әкелсін! әке, ұлыстың ұлы күні 22 наурызсаған көктем күнінің күшін әкелсін! шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем, саялы бәйтеректей алақаныңнан жылу кетпесін! ана, 22 наурызда шаңырағымызға береке, ырыс кірсін! әз наурыз әлемді тербеткен ақ жүрегіңе қуаныш пен шаттық сыйласын! -шағаңның қызығын көруге жазсын! бауырым , тай құлындай тебісіп бірге өскен ардақты жан, 22 наурыз күні арманың орындалып, көктем саған бар жақсылығын әкелсін! отбасының еркесі, жанарымыздың нұры, ата-ананың ақ үмітін ақтап, өмірден өз орныңды тапқайсың! досым, ыстық-суықты бірге көрген жанымның бөлшегі, саған көктем күнінің шуағын тілеймін! келесі 22 наурызда да бір-бірімізге ыстық тілектер айтып отыруға жазсын! әріптесім, 22 наурыз құтты болсын! жеке өміріңе бақыт, жұмысыңа шығармашылық шарықтау тілеймін! көк тәңірі нұрыңды аяма, жер тәңірі ырысыңды аяма! әділ жанды тағынан тайдырма, әз халықты бағынан айырма. басыма бас қос, жасыма жас қос, асыма ас қос! аяулы халқым, қыстан аман-есен шығып, наурыз мерекесін үлкен қуанышпен тойлап жатқан жалпақ жұрт, 22 наурыз мерекесі баршаңа жаңа бақытты өмір әкелсін! ақ таңыңыз күлімдеп ата берсін, қариялар кемсеңдеп бата берсін. наурыз мерекесі күлімдеп кеп, ұлыстың ұлы күні бақ әкелсін! жылыстап жеткен жаңа жылымыз - төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын! молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тілейміз!  
annashaykhattarova1
Xx ғасырдың бастапқы кезеңіндегі қазақ прозасында әйел теңсіздігі тақырыбы мүмкіндігінше кеңінен, терең қамтылғаны бәрімізге аян. әр санаттағы эпикалық туындылардың бастапқыда «бақытсыз жамал», «қалың мал», «шұғаның белгісі» аталуының өзінен тақырыптық-идеялық сипаты аңғарыла түсетін. әсіресе, ғабит мүсірепов ұлт әдебиетіндегі ана бейнесін ашуда өлшеусіз еңбек сіңірді. отбасының ұйытқысы саналатын, жылы жүректі әйелдің, ананың болмысын боямасыз етіп жасауда өзіндік қолтаңбасын қалдырды. қаламгердің әдеби-шығармашылығының шыңдалуына пушкин, лермонтов, гоголь, крылов, чехов, толстой секілді орыс классиктері мен батыс классиктерінің әсері мол болғаны анық. өз дәуірінде жазушыны м. горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық шығармалары баурап алды. гуманист жазушының аяулы тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі туралы жазған шығармалары ғ. мүсіреповтің жігерін жаныды. ол м. горькийдің «ң анасы» және «өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «ақлима», «ананың анасы», «әмина», «ананың арашасы», «ашынған ана», «ер ана», тақырыптарындағы әңгімелерін жазды. оның ана бейнесін сомдаудағы жиынтығы ретінде «ұлпан» атты ірі эпикалық туындысы жарыққа шықты. ақиқатында, ұлпан – бүкіл аналардың жиынтық бейнесі, ана тақырыбында жазылған шығармалардың көлемдісі. романға қазақ ауылының ғасырлық бейнесі, әдет-ғұрпы, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде арқау болған. елді ырқына көндіріп, парасатымен бір қауым жұртты баурау – ұлпан сияқты ақылды, дана әйелдердің болмысына, табиғатына тән қасиет. қаламгер қиялында жасалған ұлпан – аналардың анасы. ғабиттен бөлек, сұлтанмахмұт торайғыров, спандияр көбеев сынды ұлт әдебиетінің ұстындары қазақ қызының тағдыры, бүгіні деген мәселені көркем әдебиетке әкелуде орыс әдебиетіндегі ф.достоевский, л.толстой, и.тургенов сияқты классиктердің қатыгез реалистік шығармаларына емес, сентименталды сезімге құрылған туындыларға кеңінен назар аудара отырып қаузаған сыңайлы. содан да болар, қамар сұлудың тағдыры оқырманды баурай түседі. ақбілек, шұға, ғазиза, күнікей, шолпандар – реалистік прозаның жемісі. оның әрқайсысы өткен ғасырдағы бейнелерді ашып берді. жалпы аналар, әйелдер бейнесін ж.аймауытовтың «ақбілегінен», б.майлиннің «раушан коммунисі» мен «күлпашынан», м.әуезовтің «абай жолы», «қорғансыздың күнінен», м.мағауиннің «аласапыранынан», ш.мұртазаның «ай мен айшасынан» да айқын байқай, аңғара түсесіз. мұнда жастық, сұлулық, бекзаттық, ілік, сезім атаулы ұғымдардың ортақ жиынтығы жасақталған. аты аталған туындылар қазақ әдебиетіндегі аналар мен әйелдердің көлемді галереясын қалыптастырған көркем шығармаларға жатады. жалпы қазақ прозасындағы аналар бейнесі, тұтастай алғанда бір жиынтық, бір желі. аталмыш шығармалардағы бейнелердің қозғалысы, шығарманың композициясы, қуаттылығы, сол кезеңдердегі тыныс-тіршіліктің жаршысы, куәгері. әсілінде біз кейде әлем әдебиетімен әуестеніп кететініміз бар. танауымыз делдиіп, флобердің бовариін оқығанымызды сөз етеміз. мақтаймыз, мадақтаймыз. әлем әдебиетіндегі әйелдер бейнесінің фишкасына да қалатындарымыз баршылық. некелі күйеуінің көзіне шөп салып, оны өмір бойы алдаған образ бізге өнеге ме? өзін де, шарль бовариді де өлімге жеткізген бейнелер бізге қымбат па? құнды ма? әлде бізге стендальдың реналь ханымы үлгі ме? рас, олар – әлем әдебиетіндегі үздік туындылар. әйелдер бейнесінің үздіктері де болар… бірақ, толыққанды ана бейнесін құрай алмайды. бір айтпағымыз, әлем әдебиетімен бір қатарда қазақ әдебиетінде де аналар бейнесі толыққанды жасалды. көз алдымызға мейірім, еңбекқорлық, моральдық тұрғыдан ішкі әлемі бай нәзік жандыларды елестеткіміз келсе, жоғарыда өзіміз аттарын атаған қазақ қаламгерлерінің туындыларына жүгінеміз. аттарын атап, шығармаларын тілге тиек еткенімізден бөлек қаншама типтік образдар бар біздің әдебиетте? жеткілікті ме, жеткілікті. уақыт көші, өркениет өрісі ешқашан бір орнында тұрмақ емес. қазіргі қалам ұстаған жас жазушылар әзірге аналар, әйелдер бейнесінің бүгінгі келбетін қалыптастыруда елеулі еңбек ете қоймағанымен, алдағы уақытта әдебиетқұмар аудиторияға бүгінгі аналардың образын жасап береді деген сенім бар. әдебиетті оқығанда алдымен ұлт әдебиетіне зейін қойған ләзім. өйткені, тамырымыз қазақ әдебиетінде, қазақылықта жатыр. ендеше, ұлт әдебиетінің уызына жарығаннан асқан бақыт жоқ та шығар…

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Соч по казахском у за 3 четверть 7​
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

kazanoop
daryagulyaeva
Coverplus30
betepah
beyound2006193
ulyana-d
jgaishun756
chulki-kupit
ski89439
maroseyka
os2854
Larya
videofanovitch
tanu0618
oyunabaduraeva