Түйеқұс (орыс. Страус) - Ұшпайтын құстар тобына қарасты түйеқұстар көне дәуірден бері өмір сүріп келеді. Жартылай шөлді климатта өмір сүретін бұл құсқа деген адамдардың қызығушылығы сонау ерте кезден басталған көрінеді. Көне Мысырда түйеқұс жұмыртқаларын емдік мақсатта пайдаланған. Рим сарбаздарының белбеулеріне сый ретінде түйеқұстың қауырсыны тағылатын болған. Түйеқұстың еті мен терісіне қызыққандықтан кейбір араб тайпалары оны аулаумен де айналысқан. Түйеқұс ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы 100-160 кг-ға дейін жетеді. Қанаттары қысқа болғандықтан ұша алмайды. Алайда, өте күшті аяқтарымен сағатына 70 шақырымға дейін жүгіре алады. Бұл оның өзіне төнген қауіптен қашып құтылуына әрі шөл ортасында азығын оп-оңай тауып жеуіне көмектеседі. Түйеқұстардың Африка, Оңтүстік Америка және Австралияда өмір сүретін үш түрі кездеседі. Олар бір-бірінен башпайларының саны және іріліктерімен ажыратылады. Бұл үш түрге жататын түйеқұс та артқа да, алға да 400 кг-ға дейін жететін күшпен тебе алады. Түйеқұс уақытының 30 пайызын жем іздеумен өткізеді. Көбіне түрегеп тұрған күйі немесе кетіп бара жатып та қоректене береді. Ұзын мойны мен өте қырағы көздері арқылы кішкене жәндікті да іліп алып жей береді. Тұмсықтарының түбін де көре алатын түйеқұстардың бір көзінің салмағы 60 граммға жетеді. Яғни, адам көзімен салыстырғанда төрт есе ауыр. Шөлдегі құмды борандардан сақтану үшін көздің үстіңгі және астыңғы қабағымен қоса, көздің тазалануын қамтамасыз ететін жұқа қабықтан құралған тағы бір көз қабығына ие.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Көп тіл білу - мәртебе" тақырыбында диалог құр. нужно составить на казахском диалог. !
ответ:Бұл міндетті Еңбекшіқазақ ауданының Әймен ауылындағы түйеқұс өсірумен айналысатын «Фауна» атты ферма шаруашылығы орындап шықты. Бекетбай Дәуренқұлов басқаратын шаруашылықтағы бойы 3 метрге жуықтайтын түйеқұсты көргенде тіксініп қалатының рас. Ал шаруашылықтағылар осыдан 15 жыл бұрын қазақ даласына келген бабы қиын құсты Жетісу төрінде жерсіндіру үшін көп еңбектенді. Алғаш бетпе-бет келгенде сұсты болып көрінетін, бойы 2-3 метр келетін түйеқұс аталығы 100-150 келі ет береді. Қауырсыны бас киім, сахналық костюмдер тігуге пайдаланылса, жұмыртқасы мен еті жесең – ем, әсіресе, қан қысымы жоғары және қант диабетімен ауыратындарға – мың да бір дауа. Бір қасиеті аса күтімді, қамқорлықты қажет ете бермейді. Аталған құсты бағып-баптауда шөп, жүгері, бидай және соя ұны қоспаларынан тұратын азық-түлік беріледі екен. Оған бор мен кальций қосылады. Бір түйеқұс күніне 10 литрге жуық су ішеді. Керекті азық шаруашылықтың өзінде дайындалады. Шаруашылықта арнайы жататын, қыздырылатын, жемдейтін орындар, инкубатор құрылғысы бар. Жаздыгүні далада емін-еркін жүретін құстарды қыстыгүні бағатын орындар да заман талабына сай жабдықталған. Онда түйеқұстар азықтанатын құрылғылар мен жатын орнын жылытуға арналған пеш орнатылған. Фермадағы ересек түйеқұстардың салмағы 160 келіге дейін жетеді. Балапандар тәулігіне 500 грамнан салмақ қоса отырып, он айлығында 100 келіге жетеді. Екі жасқа толғанда толыққанды түйеқұс саналып, жұмыртқалай бастайды. Негізі, түйеқұстың өнімдері өте пайдалы. Терісі, тұяғы, тұмсығы, еті, жұмыртқасы, бәрі кәдеге жарайды. Еті мейрамханаларда диеталық тағам ретінде ұсынылады. Ал оның терісінің беріктігі піл мен қолтырауынның терісімен бірдей. Олар негізінен сәуір мен қазан айында жұмыртқалайды. Ол кезде бір түйеқұс аптасына бір-екі жұмыртқадан береді. Салмағы 1,5-2 келі жұмыртқаны қуырып, 12-14 адамды тамақтандыруға болады. Бүгінде түйеқұс етіне сұраныс жоғары. Жеке шаруашылықта түйеқұстар қыста терең төсеніште, жылыжайларда сақталады, ал жазда табиғи топырақта жайылымдарға шығарылады. Түйеқұстардың бөлмесі құрғақ, мүмкіндігінше ашық, жарық, өте таза және жыл мезгіліне сәйкес келуі керек. Егер қандай да бір шарттар сақталмаса, онда олар кеткен шығынға сәйкес саны мен сапасы бойынша қажетті өнімді бермейді және оларды өсіру тиімсіз. Түйеқұстың Жетісу жеріне жерсінгенін Африка елдерінен арнайы келіп, көріп қайтатындар да көп екен. Олар бала күнінен көріп өскен мінезі шаһар құсты қолға үйретіп, жаз бен қысқы ауа-райы мүлде бөлек өңірге жерсіндіріп, экономикалық табыстың көзіне айналдырған шаруашылық мамандарына таңғалатын көрінеді. «Бұны көрген жергілікті кәсіпкерлер арасында қарапайым азықпен қоректеніп, өнімді мол беретін, шығыны аз, туристік пайдасы мол, аса қамқорлықты қажет ете бермейтін құсты қолда бағып, Отандық тауардың санын арттыруға үлес қосуға ұмтылыс танытқандар көбейіп келеді», – дейді шаруашылық маманы Қуанбай Қайратбекұлы. Сұраныс бар жерде ұсыныстың қашанда болатынын ескерсек, алдағы уақытта бұл бағытта бірталай жұмыс атқарылып, түйеқұстың етін күнде болмаса да күнара жейтін уақыт келетін секілді.
Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/news/tujekustyn-tilin-tapkandar
Объяснение: