zazaza74
?>

Перевести на язык: отан - жерім, отан - суым, отан - қуат, нәр береді, отан - ұран, отан - туым, отан мәңге гүлденеді, туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас, отан - оттан да ыстық, отансыз - ормансыз бұлбұл,

Казахский язык

Ответы

aleksey7800
Родина  -  мое  место ,  родина  -  моя  вода ,  родина  -  дает  мощность ,  питание, родина  -  лозунг ,  родина  -  туым, родина  расцветает  мәңге, как  страна ,  которая  родилась ,  не  будет  страны, как  место ,  которое  родилось ,  не  будет  места, родина  -  и  из  огня  жара, родина  человек  -  лес  бұлбұл
Volodka

ответ:Қазақстан қазықазына,қазба байлығы жағынан дүниежүдүниежүзіндегі ең бай деген онон елдің қатарына кіреді.Қазақстан əлемде қазба байлықтар қорынан алатын орны(186 еелдегі):вольфрам,қорғасын,барий қорынан бірінші орын,хромит,күміс,жəне мырыштан екекінші орын,марганец қоқорынан үшінші орын,мыс мөлшерінен төртінші орын ,уран кендерінен бесінші орын ,алтыннан алтыншы,темір кендерінен жетінші орын,қақалайы мен никельден сегізінші орын,көмір,газ қорынан тоғызыншы орын,мұнай қорынан он үшінші орын.Бұл ғаламат байлық.Қазір табылған,ашылған қазба байлықтың жалпы құны 3,7 триллион АҚШ доллары болады екен.

Объяснение:

buriginast5
Қазақ халқы қалыптасуы үшін оған көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуге тура келді және бұл процесс бірнеше ғасырға созылды. Ғалымдардың пікірінше, біздің жерімізде Қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен Темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар (сақ, сармат т.б.) ирантілдес болған. Ал антропологиялық жағынан моңғолоидтік белгілері бар еуропеоидтік нәсілдер екені көрсетіледі. Қазақ халқының бастауы болып саналатын сақ тайпаларының тікелей жалғасы – үйсін, қаңлы тайпалары. Бұл туралы қытай деректері «Өзі сары, көзі көк, атжақты сақ тайпалары үйсіндердің арасында жүр» деп көрсетеді. Қазақ халқының шығу тегін қарастырғанда лингвистикалық және антропологиялық мәселелерді бөліп қарастырған жөн. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге бөлеміз. Біріншісі – үнді-еуропалық, екіншісі – түркілік. Алғашқы кезеңде Қазақстан тұрғындары үнді-еуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді. Бұл кез б.з.д. III-I мыңжылдықтарды қамтиды. Екінші кезең Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың, соның ішінде ғұндардың батысқа қоныс аударуына байланысты қалыптасады. Сақ және сармат тайпаларының жалғасы – үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен. Б.з.д. I ғасырда ғұндардың бір бөлігі қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды. Ал б.з. II ғасырының бірінші жартысында қоныс аударудың екінші толқыны барысында олар Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып, VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды. Қазақстанның байырғы тұрғындары – үйсіндер мен қаңлылардың ғұндармен этникалық жақындасуы іске асып, үйсіндер мен қаңлылардың моңғолоидтік нәсілге өтуі басталды. Б.з. VI ғасырынан бастап Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалады. VI ғасырдың ортасында, 542 жылы Қазақстан жері түгелдей құдіретті, біртұтас мемлекет – Түркі қағанаты құрамына кірді. Одан соң Батыс Түркі қағанаты 603 жылы, Түргеш қағанаты 704-756 жылдары, Қарлұқ қағанаты 756-940 жылдары, Оғыз мемлекеті IX ғ.соңы мен XI ғ. басы, Қимақ қағанаты 893 жыл мен XI ғ. басы, Қыпшақ хандығы XI ғасыр мен 1219 жылдары, Қарахан мемлекеті 942-1212 жылдары өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуында, әсіресе, екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болды. Біріншісі – Қарахан мемлекеті, екіншісі – Қыпшақ хандығы. Бұлардың құрылуымен этникалық процестер жаңа кезеңге аяқ басты. Қазақ тілінің негізі – әдеби қыпшақ тілі құрылып, қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. Алайда шығыстағы қарақытайлардың шапқыншылығы әсерінен Қарахан мемлекеті ыдырап кетті. XIII ғасырдың басында моңғол шапқыншылығы басталып, қазақтардың халық болып қалыптасу процесі үзіліп, XV ғасырға дейін немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдеді. XIV-XV ғасырларда тайпалардың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. XV ғасырдың II жартысы мен XVI ғасырда қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті. «Қазақ» атауының мағынасын ғалымдар б.з.д. VII-ІV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен байланыстыруды ұсынады: «сақ», «каспи», «кас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ».

Академик Н.Я. Марра және Б. Грозный қазақ атауының төркіні «қасақ», «көсек» деп пайымдайды. Академик Ә. Марғұлан, тарихшы М. Ақынжанов, жазушы С. Мұқанов осы пікірді қолдайды. Академик А.Н. Бернштам «қазақ» сөзін «каспи» мен «сақ» тайпасының бірігуінен пайда болған дейді. Көптеген ғалымдардың ойлары мен пікірлерін қорытындылай келгенде, қазақ сөзінің шығу тегін екіге бөліп қарауға болады: «Қазақ» сөзі ең алғаш қас пен «сақ» тайпаларының бірігуінен пайда болған. «Қазақ» сөзінің орта ғасырларда «еркін адамдар» деген мағынасы болған.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Перевести на язык: отан - жерім, отан - суым, отан - қуат, нәр береді, отан - ұран, отан - туым, отан мәңге гүлденеді, туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас, отан - оттан да ыстық, отансыз - ормансыз бұлбұл,
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Shpunt-86
Lolira64
fedotochkin8
Chutaeva381
eutenkova805
olimov9
Vasilevich
mail9
Цветкова
Татьяна1856
Yeliseeva Verevkin864
filimon131262
nsn-2012
nkaminskaja
Владимирович_Ралина