1 мұражай грек тілінде муза сарайы- ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.2 музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады
Евгеньевич-Куликов1614
22.12.2021
1. мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. мезгіл үстеуі етістікпентіркесіп қолданылады. мысалы: таңертеңнен (қашаннан? ) кетті, жазғытұрым(қашан? ) келеді, ала жаздай (қашан? ) еңбектенді, күні-түні (қашан? ) оқыды, т. б. 2. мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенінкөрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. мысалы: тауға қарай (қалай қарай? ) өрмелеу, алға (қайда? ) жылжыды, ілгері-кейін(қайда? ) қозғалды, жоғарыдан (қайдан? ) түсті, т. б. 3. сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? мысалы: ақырын (қалай? ) жүгірді, қазша (қалайша? ) қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай? ) отырма, (кімше? ) мәз-мейрам болды, бүркіттейін(қалайша? ) шүйілді, қолма-қол (қалай? ) хабарласты, т. б. 4. мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. мөлшер үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіреді. мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. мысалы: сонша (қанша? )шаршапты, біршама (қаншама? ) кешігіп қалды, недәуір (қалай? ) өскен екен.ал сонша (қанша? ) биік, біршама (қанша? ) алыс, недәуір (қалай? ) ұзақдегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін, көлемін білдіреді. 5. күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіп көрсетеді. сұрағы: қалай? мысалы: әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. сонымен бірге күшейткіш үстеугесын есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса(терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де жатады. 6. мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатын білдіреді. мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды. 7. себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. себеп-салдар үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері жатады. бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. мысалы, босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.
mmurzina
22.12.2021
мен, (аты-жөні) қазақстан республикасының азаматы (азаматшасы) (күні.айы.жылы) ж. (қала) қаласында, (қызметкер) отбасында дүниеге келдім. ата-анам «(атауы)» жшс жұмыс істейді: әкем (аты-жөні) – инженер, анам (аты-жөні) – кадр бөлімінің инспекторы. (жыл) жылы (қала) қаласындағы № (нөмір) орта мектептің 1 сыныбына барып, осы мектепте(жыл) ж. 10 сыныпты бітірдім. (жыл) ж. № (нөмір) кәсіптік техникалық училищеге түсіп, оны (жыл) ж. бітіріп, стенография, шетел машина басу және ұйымдастырушылық техника білімімен машинист-хатшы мамандығын алдым. училищені бітіргеннен кейін қазақстан республикасының жеңіл өнеркәсіп министрлігінің машина басу бюросына машинист қызметіне жіберілдім. (жыл) жылы аға машинист, ал (жыл) ж. машина басу бюросының меңгерушісі лауазымына ауыстырылдым. тапсырмаларды табысты орындағаным үшін (жыл) ж. (құрмет грамотасымен марапатталдым). (жыл) ж. министрліктің ісқағаздарды жүргізу қызметі қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін байқауда бірінші орынды иелендім. тұрмыс құрғанмын. күйеуім (аты-жөні) (жыл) ж. туған, «(атауы) » жшс стандарттау бөлімінде инженер болып қызмет істейді. екі бар. ұлым – (аты-жөні) (жыл) ж. туған, № (нөмір) мектептің 3 сынып оқушысы, қызым (аты-жөні)(жыл) ж. туған, (қала) қаласы(аудан) ауданының № (нөмір) «(атауы)» қшасына барады. мекенжайым: (қала) қ., (көше) к-сі, № (нөмір) -үй, (нөмір) -пәтер. үй телефоны: (нөмір).