elivanova
?>

3пословицы про друга на казахском языке

Казахский язык

Ответы

alekseymedvedev1981
Сорлы және досты және недруга біледі .достың бәлесімен танымайсың. неғұрлым ана көңіл болмайды, сияқты дос үшін досты өледі.перевод : бедный знает и друга и недруга.без беды друга не узнаешь. больше той любви не бывает, как друг за друга умирает.
borzhemskaya19823110
    1     досың  көп болса, жолың  да ашылады.       друзей много – шире дорога.    2     достық жоқ жерде  табыс жоқ.       где нет дружбы, там нет успеха.    3     ағаш тамырымен, досымен  мықты.       дерево крепко корнями, человек – друзьями.    4     аз қайғыны  ас басады, көп қайғыны  дос басады.       малую беду еда подавляет, большую – друг.    5     тiстем нанның  қадiрiн  тарыққанда  бiлерсiң, анық достың  қадiрiн  зарыққанда  бiлерсiң.       цену куска хлеба в голод узнаешь, цену настоящей дружбы в беде узнаешь.    6     дос бергеннiң  түсiне  қарама.       подаренное другом не разглядывай.    7     кеңесiп  пiшкен  тон келте болмас.       шуба, скроенная сообща, не будет коротка.    8     көршiң  қолайлы болса, қораң  кең.       когда сосед по душе, то в тесном дворе просторно.    9     отбасы сәнi  – сыйластық, достық сәнi  – қимастық.       сила семьи во взаимном уважении, сила дружбы в искренних чувствах.  10     жақынға  өтiрiгiңдi  айтпа, шетке  сырыңды  айтпа.       близкому не лги, чужому не раскрывайся.  11     жақсы болсаң  – жақын көп.       будешь сам хорошим, и близких у тебя будет много.  12     бiр көрген  – таныс, екi көрген  – туыс.       одна встреча людей знакомит, вторая – роднит.  13     мың жолдас жақсы, мың жолдастан  бiр дос артық.       тысяча товарищей – хорошо, но один друг лучше.  14     жүз сомың  болғанша  – жүз досың  болсын.       не имей сто рублей, а имей сто друзей.  15     «сіз» деген  әдеп, «біз» деген  көмек.       говорить «вы» – учтивость, «мы» – готовность .  16     екі қоламта ен далада  да маздайды, ал біреуі  пеш ішінде  де өшіп  қалады.       две головни и в поле дымятся, а одна и в печи гаснет.  17     саусақтарың  бірікпесе, инені  де ұстай  алмайсың.       пока пальцы не сойдутся и иголку не ухватишь.  18     қол ұстасқандар  құламайды.       опирающиеся не упадут.  19     заттың  жаңасы  жақсы, достың  ескiсi  жақсы.       одежда хороша новая, а друг – старый.  20     дұшпаныңнан  бір сақтан, жаман достан  мың сақтан.       врага остерегайся один раз, плохого друга тысячу раз.  21     жаман жолдастан  жақсы дұшпан артық.       чем плохой друг, лучше достойный враг.  22     жалған  достан  жау артық.       лучше враг, чем лживый друг. 
Alena824
Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады. мәселен, дін мейрамы, ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы секілді. өзгелерді былай қоя тұрып, өзіміздің сыбайласымыз орыс жұртын алсақ, бұл туралы қазақтың мақалы да бар: "орыста мейрам көп, қазақта айран көп". біздің қазақ айранға бай болғанымен: мейрамға жарлы екендігі осыдан да көрінеді. жалпы мұсылман жұрттарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз-ақ мейрам бар, ол - наурыз. наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі, мәселен, үндістан, иран, ауған, бұхар, кавказ, түркістандықтар да мейрам етеді. бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. неге десеңіз, марттың ескіше 9-ында, жаңаша 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп жаз жетіп, шаруа кенеледі. қыс бойы ақ кебінін жамылып өлім төсегінде жатқан табиғаттың, жанды-жансыздың тірілуі кімнің болса да көңіліне шаттық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне, жаздың жетуіне қазақтан артық тілектес, қазақтан артық қуанатын ел жоқ деуге саяды.тіршіліктің арқауы алдыменен тамақ. дүние жаратқаннан бері жанды-жансыздың бәрінің талас-тартысы, шынын айтқанда, тамақ үшін, күн көруі алдындағы айдап өсіріп жүрген малының амандық, жамандығымен байлаулы. өнері, кәсібі, зауыты, фабрикасы бар, табиғатты қолданған мәдениетті елдер қыстың қысымын қазақтай көрмейді. болмашы боранға, жауын-шашынға, топтанған бұлтқа, ауысқан желге, керек десе, жаңа айдың қалай туғанына шейін қазақтың зор мағына беруі әшейін еріккеннен тапқан ермегі емес, қыстың ауыр, я жеңіл өтуінен тіршілігі өзгеретін, жеңіл болса - құт, ауыр болса - жұт болатындығын байқаған тәжірибеден шыққан нәрсе. дұрысында, қазақтың тамағы да, киімі де, үйі де, күйі де, көлігі де отарбасы да, телеграфы да, телефоны да мал емес пе? малсыз қазақтың күні бар ма? сол малын аман сақтау үшін қысқы аязда, ызғырық боранда бейнет шегіп, еңбек сіңіріп, малымен бірге жатып, бірге тұрып, бірге жүріп, бірге ығып, қыс қандай қысылса, жаз сондай жазылатын, жадырайтын шаруашыл, еңбекшіл қазақ қыстың өткеніне, жаздың жеткеніне қалайша өзгелерден артық қуанбасын, жаздың басы жаңа күн - наурызды, қалайша мейрам етпесін. соңғы жылдар қазақтың шаруасын күйзелтіп, байтақ елі ашаршылыққа ұшырап, ойын ойнап, тойын тойламақ түгіл, барар жер, басар тау таба алмай дағдырған еді. енді, шүкір, аздап заман түзеліп, шаруасы оңалуға айналғаннан кейін, жұрт алдырмай-шалдырмай аман-есен жазға жетіп отыр. сондықтан бұл наурыз ел-елде қуанышпен қарсы алынып, шаруаның бір малы екеу болып, көңілі өсіп, жасы үлкендер құшақтасып көрісіп, жаңа өспірім жас буын қуанысып күлісіп, жанның бәрі дүнияға жаңа келгендей мәз-мейрам болса керек.
bakerkirill
Сарқылмайтын суат жоқ,  тартылмайтын бұлақ жоқ.  құйрығы суда тұрса да,  уақтысы жеткенде,  қурамайтын құрақ жоқ.  дүние деген пәни бұл,  жоқта мият жоқ,  бәрінен қиын сол екен,  артыңда жанған шырақ жоқ   **                    **                  ** жігіттің жақсысы:   дұрыс сөзге тоқтай білген,  басқаны сөзіне тоқтата білген.    **                    **                  ** бай болсаң, халыққа пайдаң тисін;   батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін.  бай болып пайдаң тимесе,  батыр болып найзаң тимесе,  жұрттан алабөтен үйің күйсін!     **                    **                  ** ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады,  шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады.   **                    **                  ** ашу бар жерде ақыл тұрмайды.  ашу деген - ағын су,  алдын ашсаң, арқырар.  ақыл деген - дария,  алдын тоссаң, тоқырар.  кісі бірге туыспау керек,  туысқан соң сөз қуыспау керек.  сөз қуған пәлеге жолығады.  жол қуған олжаға жолығады.    **                    **                  ** асқар тау сенде бір мін бар-  асу бермейсің;   тасқын су, сенде бір мін бар-  өткел бермейсің; билер, сендерде бір мін бар-  басқаға сөз бермейсің!   **                    **                  ** қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы. алтын ұяң - отан қымбат,  құт береке – атаң қымбат,  асқар тауың - әкең қымбат,  мейірімді – анаң қымбат,  туып өскен елің қымбат.    **                    **                  **   екі керіссе, оның, арты - қызыл шоқ.    біз - үш жүз көріспейік, келісейік.    ал керісе қойсақ, үшеуімізге де бірдей –    хандық түгіл ондық та жоқ.    мен - 29 рудан құралған кіші жүзбін,    әрі көппін, әрі батырмын, әрі бимін!     керісер болсаң,    осы үшеуі маған - жайсыз, сендерге - жоқ!  

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

3пословицы про друга на казахском языке
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Yevgenevich
suhovaab
Никита
srkushaev
sastakhova
sbarichev330
m79857860146895
Telenkovav
kirik197308
timeev3160
Ивлев1508
legezin
Aleks120498
zamkova836
andrewshilin1334