Ежелгі қазақстан — қазіргі қазақстан жерін ежелгі бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. қола дәуірінде сібірдің, жайық өңірінің, қазақстан мен орта азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. мұны ғылымда андрон мәдениеті деп атайды. ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы i мыңжылдық ортасы) қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырда қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата- деп есептейді. бұл бірлестікті мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. ғұндардың батысқа жорығы “халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында іле алқабында өз мемлекетін құрды. олар қаңлы мемлекетімен шектесті. бұл тайпалар құрған мемлекеттер қытай, парфия, рим және кушан империясы сияқты елдермен саяси, қ және мәдени байланыс орнатқан.
hrim5736
08.06.2022
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. байдың үйі кең, әдемі болыпты. іші толған – алтын мен күміс. ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. бай алтынын көтеріп ағаштың ағаштың басына шығып кетеді. ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. су тасқыны он бес күнге созылады. бір күні қарны ашқан бай кедейге: - әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді. - жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей. екінші күні бай кедейден тағы тағы да нан сұрайды. - алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы. - жоқ, бере алмаймын, - деп бұл жолы да кедей келіспейді. ақыры, аштан өліп бара жатқан соң , бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. кедей бәрібір көнбейді. бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. халықтың: «алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.