Городничий_Коновалова384
?>

Просклоняйте по падежам слово на казакском жер-ана

Казахский язык

Ответы

Pavlovna-Golovitinskaya378
Атау- жер-ана ілик- жер-ананың барыс- жер-анаға табыс-жер-ананы жатыс-жер-анада көмектес-жер-анамен шығыс- жер-анадан
vovababkin1477

он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында қазақ, елінің қоғамдық өміріне, мәдениеті мен өнерінде, ұлттық әдебиетінде аса игі жаңғырулар бой көрсетті десек, бұл тұстағы ұлы абай бастаған жаңашыл бағыттағы реалистік әдебиеттің қарқыны айрықша болды. халқымыздың аса көрнекті ақындарының бірі шәкәрім құдайбердіұлы да, міне, осынау өркенді ортада өсіп, ержетті. ол 1858 жылы ескіше жыл санау бойынша 11 шілдеде қазіргі семей облысының абай ауданында дүниеге келді. әкесі - құдайберді -абайдың ағасы, құнанбайдың күңке атты бәйбішесінен туған.

шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. жеті жасқа келгенде, 1866 жылы әкесі құдайберді 37 жасында дүние салады да, шәкәрім бұдан былайғы уақытта құнанбайдың тәрбиесінде, тікелей абайдың қамқорлығында болады. шыққан ортасының аса бай дәстүрі мен ақын ағасының тағлымды тәрбиесі табиғатынан зерек те алғыр шәкәрімнің жетімдік, жоқшылық көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі ретінде қалыптасуына да айрықша ықпал жасайды.

ұлы абайдың маңайына шоғырланған талантты жастар туралы айта келіп мұхтар әуезов былай деп жазады: " ондай ақын төртеу. оның екеуі ақылбай, мағауия - абайдың өз , мұның екеуі де 1904 жылы абай өлген жылы өлген. қалған екеуі көкбай, шәкәрім. осы төрт ақын абайдың толық мағыналы шәкірттері". шындығында да шәкәрім абайдың ең талантты шәкірттерінің бірі, әрі ең мол мұра қалдырған шәкірті.

абай шәкірттерінің қай-қайсысы да ұлы ұстазының басқан ізін қайталамай, өнер көгінде өздерінше соқпақ салуға ұмтылды. абай өз шәкірттерінің өлеңдерін үнемі қадағалап отырған. өзі тақырып беріп жаздырғандары да аз емес. ұлы ақын жастардың туындыларына сын көзбен қарап, бағыт-бағдар беріп отырған.

шәкәрімнің ақындық жолын айқындап берген де, міне, осындай ұлы мектеп, абайдың ақындық дәстүрі болды. шәкәрімнің терең мағыналы шығармашыл мұрасының өн бойынан абайдың реалистік сарыны, көркемдік, эстетикалық танымының әсері үнемі белгі беріп отырады.

Ирина
Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.

тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. тарихи күш десе де болады. біздің  өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.

тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. неше түрлі ауыртпашылық әкелген семей полигоны жабылды, арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық.

қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы,  өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен келе жатқан мемлекетпіз.

тәуелсіздікке дейінгі кезеңде өз жерімізде басымызды түсірдік. , ішкі және сыртқы саясатпен қатар, табиғи қорларымыз да, басқа мемлекеттің қарамағында еді. сол қиын-қыстау кезеңде, қазақ халқының сана-сезімі, намысы оянды. жігерлі қазақ жастары өз жерімізде лайықты күн көруге, өз ана тілімізді, мәдениетімізді құқылы қолдануға талпынды.

бүгін міне, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында,  біз артқа карап, кеңес одағы кезеңіндегі тарихты, сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. сонау горбачёв бастаған қайта құру кезеңі ұлттық сана-сезімді оятты. жаппай қазақ мектептерінің жабылуы, қазақ тілінде шығарылған газет-журналдар, мақалалар, кітаптардың сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың басымдылығы, біздің ержүрек, батыл, намысшыл жандарымызды ызаландырды. сөйтіп, халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды.

осының бәрі, бізді 1986 жылғы алматыда өткен желтоқсан оқиғаларына алып келеді. себебі, жаңа алаңда өткен қазақ жастарының шерулері, тәуелсіздікке  әкелген бастама десек, қателеспейміз. бүгін міне, желтоқсан оқиғаларына 30 жыл. уақыт келе, сол тарихи окиғаның мәнісін енді ғана ұға бастағандаймыз.

қазіргі таңда, қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді. яғни, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-қ тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір ң қолында емес. бірақ, халық атынан үлкен деңдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тындайтын, мемлекетке  бағыт-бағдар беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы – президент.

тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап, қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың мән-жайын түсіну, ұғыну, мемлекеттің одан әрi үрдiсiн болжау және халықтың талғамына сай, ең тиiмдi стратегиясын таңдауда жан-жақты, қайсар, жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең, интеллектуалды тұлға ұқажет еді. мұндай тарихи міндетті, жаратушы осы қасиеттерге сай елбасымыз - нұрсұлтан әбішұлы назарбаевқа бұйырды. тәуелсіз мемлекеттің қазіргі келбеті, бастан өткен сәтсіздіктері және  жеңістері тұңғыш президентіміз, елбасының есімімен тікелей байланысты. тарихи өтпелі кезеңде елбасының рөлі айқын және ашық көрінеді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Просклоняйте по падежам слово на казакском жер-ана
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

antonkovalev89
kashschool3
corneewa20096
atamanov5
makitra08
re22no22
pelagia-kola2658
ehrik-ch
Sergeevich-Drugov1513
makarov021106
dsnewline
Vladimirovich58
Кристина Валентиновна
koxhulya61
Olga-Lev1160