ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. демек әр ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы к.г. паустовскийдің «туған тіліне жаны ашымаған - жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
ана тілі - ар өлшемі. олай болса, тілді шұбарлау - арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. ең жақсы - ана тілін құрметтеген . бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені ілікке, шын патриот болуға жетелейді. ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы болғысы келетін жас ң бірінші парызы. ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті отаныңды сүйе білу деген сөз. ақиық ақын м.мақатаев «отан» атты өлеңінде:
мен оның түнін сүйем, күнін сүйем
ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
мен оның қасиетті тілін сүйем
мен оның құдіретті үнін сүйем, – деп отанды сүюдің, ана тілін сүюдің құдіретті биік сезім екендігін білдіреді.
менің елім - көп ұлтты қазақстан. қанша ұлттың бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. қазақстанда ұлттар арасында татулық пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны - бәріміз үшін мақтаныш. бұл - біздің елбасымыз нұрсұлтан назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын елбасының арқасында біз, қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Переведите рассказ про мой любимый вид спорта волейбол. я люблю играть в волейбол.мои друзья тоже любят играть в волейбол.на физре мы просим учителя чтобы мы поиграли в волйбол.летом на пляже весело играть в волейбол.правда я не хожу на волейбол, но мне нравится в него играть.для меня самый любимый вид спорта волейбол!