nikolai37
?>

Вставить пропущенные буквы, с..зді, іңіз, с..нау, іқ, қ, т.., қ..ғам, ғң, , к..ріқ..шы, аққ..гіір

Казахский язык

Ответы

dshi67orbru
Сізді, өзіңіз, сонау, көрінген, оқыды, қалын, орман, той, өнер, қоғам, жоғары, өлең. көше, керік, аққу, бүгін, өмір.
lubavarif83
Қымбатты қазақстандықтар! құрметті салтанатты жиынға қатысушылар!   баршаңызды ұлы дала елінің ұлық мерекесі – тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! біз бүгін азаттықтың екінші мүшеліне, 25 жылдығына аяқ бастық. әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыршешті таңдар болады. біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. сол күні әлем көгінде «қазақстан республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды. тұтас дәуірлердің куәсі болған халқымыз сан ғасырлық бұралаң әрі қиын жолмен жүріп өтті. сияқты, мемлекет те өмірінде екі ғұмырлық босағаны аттайды. біріншісі – жарық дүниенің есігін ашу, екіншісі – ересек өмірдің ғын басу. екеуі де – қайталанбас, қастерлі мезеттер. бұл – әбу насыр әл-фарабидің айтып кеткен орамды сөзі, өнегелі өсиеті. биыл рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 24 жыл толды. қарапайым тілмен айтқанда, нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында тұрмыз. тағылымы мол тарихымыз – сонау сақ дәуіріндегі, түркі тұсындағы, күні кеше 550 жылдығын ел болып тойлаған қазақ хандығы кезеңіндегі, кешегі екінші дүниежүзілік соғыстағы ұлтымыздың ұлы күрестерінің куәсі.   бұл – біздің өткеніміз, бұл – біздің тағдырымыз. осы  бір тарихтың ұзынсонар жолында азаттық деп аласұрған, еркіндік деп екпіндеген халқымыздың мұратын орындау бақыты бүгінгі біздің ұрпақтың еншісіне тиіпті. олай болса, бұл күн ұрпақтардың ұлы арманы орындалған ордалы той, мерейлі де мәртебелі мереке. аман-саулық – ң нағыз бақыты болса, тәуелсіздік – халықтың жалғыз бақыты. бұл – туған еліне егемендік пен еркіндікті қарулы қолмен емес, бейбіт жолмен алып берген әйгілі махатма гандидан қалған сөз. расында да, тәуелсіздік пен теңдік, азаттық пен елдік қай халық үшін де дәмі , мәртебесі таудай асыл ұғымдар болып саналады. елу жылда ел жаңа деген халық даналығын баршаңыз білесіздер. десе де, біз елу емес, небәрі 24 жылда қарыштап жаңаланған, төрткүл дүние бағалаған ел болдық. өзгелер ғасырлап өтетін, ал біреулері мүлдем мақрұм кететін тарихи жолды бар болғаны ширек жасқа жетпей тәмамдадық. ол да болса кешегі ерлігінің рухын алған, ертеңгі ұрпағына жол салған бүгінгі замандастарымыздың, сіздер мен біздердің еселі еңбектеріміздің арқасы. «рухы бір – қандас, жүрегі бір – жандас» дейді дана халық. егер егемендік тұсында елдігі бекем, тұғыры биік жұрт болсақ, оған сіздердің де қосқан үлестеріңіз қомақты деп білемін. халқымызда «теңдес ағайын баспанасымен, дербес халық астанасымен мақтанады» деген сөз бар. келген қонақ үйге кіріп, иесін сынаса, өзге жұрт ордасын көріп, елін таниды. сол сияқты қай қазақтың да «жан-жүрегім» деп марқаятын да, «өз сарайым» деп айта алатын да дарабоз, ақордалы, биік, бәйтеректі, самалдай, кең шатырлы астанасы бар, тәуелсіз қазақстаны бар. тәуелсіздіктің қадірі, бостандықтың қасиеті, отан деген ұлы ұғым – осы.
Рощак_Ольга573

Томирис (Тұмар) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен күнгей түркі сақтарды бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың (Томириске) өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.

Бұл Кирдің түркі сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар ханша Кирдің ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Кир өзінің жау қайдалап жұтынған жаужүрек жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді.

Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар ханша олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді.

— Мидиялықтардың патшасы! — , дейді жіберген жаушысы арқылы Тұмар ханша Кирге. — Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауына қарай өзің шеш.

Тұмардың ұсынысын Кир әскери кеңеске салады. Біраз пікір таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Кирдің қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның түркі сақтар жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды.

Түркі сақтар уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, Крездің үйреткен айласымен түркі сақтардың шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмар ханшаның ұлы Спаргапты (Спаргапис) тұтқынға алады.

Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді.

Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің мына ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен сауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін!

Бар аңсары біреудің елін шауып, олжаға батып, атағын шығаруға ауған Кир ханша ақылын тыңдамай, өзінің шайқасатынын айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады.

Тұтқынға түскен Тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір-ақ біледі. Кирден аяқ қолын босатуын өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін өзі өлтіреді.

Келесі күні екі жақтың арасында бұрын соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. Ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған түркі сақтар парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған. Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады. Тұмар ханша шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кирдің денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып тұрып: «Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ» дейді. Осылайша күнгей түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалады. Осылайша Тұмар ханша елбасылық ұлы тұлғасымен, қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Вставить пропущенные буквы, с..зді, іңіз, с..нау, іқ, қ, т.., қ..ғам, ғң, , к..ріқ..шы, аққ..гіір
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

anastasiaevent4
gumirovane2294
iuv61
cholga69
salesrawtogo
Koshkina Alekseevna
margarita25061961
coalajk
larinafashion829
admiralbany
Измайлова-Алексей
vladexi
phmad7
Герасименко
marinakovyakhova