Шаңырақ иесі - қашанда кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Себебі бала күнінен «шаңырақтың иесісің» деген ұғымды құлағына құйып өсіреді. Сондықтан да атадан қалған ұяның жылылығын және отбасының ынтымағын сақтауға мүдделі екенін бірте-бірте сезініп ержетеді.
Енші - қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті үлесі.
Қыз жасауы - Ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік «жасау» деп аталады. Халқымыз қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді!» деген. Небір жақсы жиһаздар, сәукеле, кілем, текемет, ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем әшекейлі бұйымдар қыздарға берілетін болған. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос: