шынымен де, махаббат барша сезімдердің жиынтығы. оны жоқ деп айтудың да қажеті шамалы. өйткені, әр дәуірдің өзінің қозысы мен баяны болады. уақыт өте келе олардың есімдері де тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалады. мәселен, қозы көрпеш – баян сұлу жырында, екі ғашықтың бір –біріне деген адал, пәк, кіршіксіз таза сезімдері суреттеледі. екеуі бастапқыда бір –бірін көрмей ғашық болады. ал, көргеннен кейін олардың арасындағы сезімдері үдей түседі. жырда қозының баянға деген сезімі туралы көп баяндалады. қай нұсқасында болсын, оның баянды сүюшілік сезімін баса суреттеуге тырысады. мысалға, баянға айтқан бір сөзінде көрпеш:
дүниеде ғашық қатты екен,
көңілді бұған бұрғызды.
бере ме тәңірім, бермей ме,
ынтық болған бір қызды?
қосылғанша мен соған,
ішіме қайғы толғызды, –
бұл үзіндіден қозы көрпештің баянды шын сүйетіндігі, өзінің сүйгенін жоғары санайтындығы айқын көрінеді. тіпте, өзінің сүйгені үшін бәріне де дайын екенін дәлелдейді.
жарым баян дегенде,
жүрегімді жанғызды.
тазша кебін кигізіп,
кемшілігін қылғызды.
қозы көрпеш ескі заманда адал махаббат пен таза сүйіспеншілікті іздегендіктен, поэмада да, оқырмандар ұғымында жағымды оброздардың бірі болып табылады. ол алдынан шыққан қиыншылықтарға қарамастан, өз сезіміне берік болып, шынайы махаббаттың бар екендігін дәлелдейді. ал, баян сұлу, ақылды да инабатты. оның сұлулығын былай деп жырлайды:
баян сұлу он төртке келген екен,
тал шыбықтай бұралған ол бір керім.
беті аппақ, ұшы қызыл, қара көзді,
қиғаш қара қасы бар сондай көрім.
аппақ, көрік маңдайлы, қолаң шашты,
шашының ұзындығы тізе басты.
аузы гүлдің шашағындай, тісі меруерт,
мұндай сұлу жаһанда жаралмас–ты…
ақылына көркі сай баян сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің атына берік, өз сезімі үшін күресе білетін жағымды кейіпкердің бірі. оның да көрпешті сүйетіндігі мына өлең шумақтары арқылы байқалады:
есімнен көрпеш үшін жаңылып ем,
әкеме мұнша қашып не қылып ем.
дертіңіз болды ма екен бізден үлкен.
өлместей болып алдық құса, дерттен.
беліңнен қатты қысып құшақтасам,
қабырғаң солқылдайды, сынар ма екен? –
махаббат оқиғасында әрқашанда екі ғашықтың арасына түсетін жағымсыз кейіпкер де болады. оны, айтпасақ та барша біледі. қозы мен баянның арасына түскен жағымсыз оброздың бірі – қодар. тіпте, ел аузында екі ғашықтың зиратынын басында екі әдемі өсіп тұрған гүлдің ортасында тікенекті гүл өсіп тұр дегенде бар. оны келіп жұлып алып тастаса да, ол гүл қайта шығады екен мыс. әрине, ең соңында екі ғашықтың қосылмағаны көңілге кірбін түсіреді. алайда, бұл шын ғашықтар қосылмайды деген сөздің дәлелі болар. қазіргі таңда шынайы махаббат жоқ деп айтатын да кездеседі. оларға тұманбай молдағалиев ағамыздың мына өлең шумақтарын айтқым келеді:
махаббатты жоқ деп жүрген ауыздың,
айтары да айтпағы да жауыздық.
сүймегендер – аянышты пенделер,
ғашықтарды жырлайды ақын аңыз ғып.
арбамайды жүрегімде өзге өлең,
меңреу жан ғой махаббатты сезбеген,
ғашықтықтан туды менің бар жырым,
жыр жазбаймын ғашық емес кезде мен.
бұл өмірде досым бар, дұшпаным бар,
мені ылғи да бақыттыға қосыңдар.
ғашық күнім ашық күнім ол менің,
ғашық емес кездерімнен шошыңдар.
өмірдің тұтқасы осы ұлы махаббат сезімінде. ғашық болсаң саған күнде, гүлде, жан – жағындағы да күліп, қызыға қарап тұрған секілді. бұл өлең шумақтарын оқи отырып, махаббатты жоқ деп айтуға да қорқасын. махаббат бар, ол бірге жүреді. тек оны аялай білу керек. әрбір өз махаббатының бағбаны. солып қалмау үшін қай гүлге қанша су құю керек екендігін бұлжытпай білетін бағбан тәрізді, да өз махаббатының үнемі жайқалып тұруына тыңбастан жағдай жасап отыру тиіс. «махаббат – дүниедегі барлық күштің, барлық қуаттың бастауы. онсыз еш жерде жеңіс жоқ» – деп, әзілхан ағамыз айтқандай. өмірдің өзі осы кіршіксіз таза сезімде тұр. оны жоқ деу, өмірді жоқ деумен тең. махаббат болған жерде бақыт, көз жасы да бірге жүреді. азапсыз махаббат арзан махаббат деп бекерге айтпаған. ң өмірі қысқа болғанымен, махаббаты ұзақ өмір сүреді. «махаббат – жаңбырдан соңғы күн нұрындай» – деп, шекспир, «махаббаттан – өмір туады» – деп, хорезми айтса, ал мұхтар шаханов:
ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,
азса махаббаттың жоқтығынан азады.
осындай, махаббат туралы керемет айтылған сөздерден кейін қалайша осы өмірде махаббатты жоқ деуге болады. махаббаттың құдіреттілігінің арқасында осындай сөздер, осындай тамаша туындылар, өлеңдер дүниеге келеді. махаббат жоқ жерде өмірдің мәні де, сәні де жоқ. өз заманымызға лайықты махаббатымыз да бар. тек сене білу керек.
подробнее - на -
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Суреттегі спортты маныздылыгы туралы айтып берідер. коньки тепекуендері туралы әңгімелесідер