Қыз жібек "қыз жібек" әңгімесі көп заманнан бері ел аузында сақталып, жыр болып айтылып келген әңгіме және ол қазақтың романтикалық ғашықтық жырлары ішіндегі бір көркемі, көлемдісі. жырды ең алғаш зайсан уезінің (осы күнгі шығыс қазақстан облысы) бір белгісіз ақыны жазып алып, 1870 жылдар шамасында қазанда бастырған. бірақ бұл нұсқа біздің қолымызда жоқ. кейінде басылған нұсқасында мынадай сөздер ұшырайды: басында менен жайылды,қисса болып бұл жібек,баспасына қарасам,бәрі шала сөзінің,еңіреп, жылап, жүр жүдеп,қисынсыз болған сөздері,жыламақ түгіл, күлмеймін, - дейді. жырдың осы нұсқасы 1876, 1905, 1909, 1911 жылдары қазанда хұсаиновтар баспасында бірнеше рет басылып шықты. 1925 жылы осы нұсқаны қазақтың ауыз әдебиетін жинаушы әбубәкір диваев ташкентте бастырды. одан кейін 1933 жылы қызылордада, 1939 жылы алматыда "батырлар жыры" жинағына қоса басылды. жібек әңгімесі шын оқиғадан туған, бірақ дәл қай кезде туып жасалғанын кесіп айту қиын. мөлшермен айтқанда, "қыз жібек" әңгімесі xvii ғасырда туғанға ұқсайды. жырда жағалбайлы елінің қонысы қара теңіз жағасы деп келеді. мұнысы каспий (атырау) теңізі болуы керек. сол кездегі шектілердің қонысы ақжайық болған. бұл екеуінің арасы қоныс жағынан шалғай емес. қазақ даласы патшалық россияға қарағанғa шейін жағалбайлы елі ақжайық бойын мекен еткен. осы кезде де жаманқала (орскі), магнитогорск маңында жағалбайлы жұрты аз емес. жібек әңгімесінің заманын білуге жолбасшы болатын тарихи деректің бірі - қалмақтардың ақжайық бойын жайлаған шекті елін жаулап алуы. жырдың екінші саласы осы жаугершілік заманға келіп килігеді. жайық бойындағы аз ру шектілерге торғауыттардың ол кезде, белгілі бір кезеңде үстем болуы рас. жыр геройының бірі - төлеген. төлегеннің өмірін сипаттағанда ақын оның туған күнінен бастап, өлген күніне дейінгі ісін суреттейді. мұнысы жырдың эпос жанрына толық ұқсайтындығын көрсетеді. соның ішіндегі ең басты сарын төлегеннің еркін махаббат, азаттық іздеген талабы болып отырады. жайыққа алғашқы аттанған сапарында артынан жылап келіп, "барма, қал" деп тілек еткен анасы қамқаға төлеген: бір сұлу алмай, шешеке-ау,сірә да көңілім тынар ма.талап қылған ісіненат басын ерлер бұрар ма, - деп, торықтыра жауап береді. қыз жібекке екінші рет жүретін жолында ол артынан жылап келген інісі сансызбайға: батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа, - деп, батырлық пен байлықты мұрат етпей, көбіне сол асыл жар сүюді арман етеді. төлегеннің осы сипатын әсірелеп көрсету үшін ақын түрліше композициялық әдіс қолданады. қыз жібектің көшін қуғанда төлегеннің ғашық жарын көруге асыққан көңілін жыршы оның атының шабуынан байқатады: жер тарпынып жануар,ауыздықты басады.алдындағы белестенорғытып кеп асады. бірақ ор қояндай секіріп, ұшқан құспен жарысып келе жатқан көк жорға аттың жойқын шабысы да төлегенге текірек сияқтанып көрінеді. төлегеннің көш қуған жері - ғашық жүрегінде жанған үміттің аса бір жарқын, бақытты, зейнетті кезеңі. төлегеннің сүйіспеншілік талабына бөгет болған төрт түрлі қара күш кедергі бар. бірінші бөгет шөлстан - алыс жол; екінші бөгет - ата-ананың теріс батасы, тағдырдың теріс қарауы; үшінші бөгет - көмексіздік, жалғыздық; төртінші бөгет - бекежанның жауыздығы.жырда қаратеңіз жағасын жайлаған жағалбайлы елі мен жайық бойын жайлаған шекті елінің арасы жүз күншілік шөл жазира, құс қонбас құла дүз болып сипатталады. сол шөлстанның ең бір жексұрын ұры қарақшы мекен еткен жері - қособа. төлегеннің ең рақымсыз, тілсіз жауының бірі - осы қособа. мұндай табиғат бөгеті қозы мен баянның да түбіне жетеді. мұның үлкен жұмбағы бар. бұрынғы ғашықтардың қай-қайсысын алсақ та, олардың мақсатына жетуі жолында тұрған бөгеттің бір саласы жауыздығына байланысты болса, екінші бір саласы табиғат бөгетіне байланысты айтылады. табиғат бөгетіне жататын нәрселер - аждаһа, жын, сиқыр, өзен, теңіз, алыс жол. "
D-posilochka
21.02.2023
Біздің отбасымыз шығыс қазақстан облысы, зайсан ауданында қоныстанған. руымыз найман. найманның ішінде төртуыл, төртуылдың ішінде тоғыз деген ел боламыз. мен шығармамды үлкен атам ахмет деген кісіден бастағым келіп отыр. менің отбасымның айтуы бойынша ол кісі өте денелі, бойшаң болған және өте қатал болған. ол сол кезде бай отбасынан шыққан және өте білімді болыпты. ахмет атаның алты ұлы болған. ал мен сол ахметтің улкен ұлы атам мамырдың қолында өсіп, тәрбиелендім. менің әкемнің аты болат. мені кішкене кезімнен апам мен атам бағып-қақты. біз ол кісілерді өті жақсы көреміз. өкінішке орай ол кісілер қазыр бұл өмірде жоқ. бірақ біз оларды үнемі есімізге алып, сағынып отырамыз. апам мен атамның тоғыз бар. он жеті немерелері, үш шөбересі бар. мен атамның төртінші ұлының қызымын. біз бір әкеден екеуміз. менің туған әпкемнің аты елнұр. ол жиырма бір жаста. мамандығы бойынша заңгер. қазыр ол әкімшілік сотында жүмыс істейді. қазыр біз атамның қара шаңырағына ие болып отырған жанат деген ағамның қ. және де бізбен бірге әкемнің қарындасы, біздің әпкеміз тұрады. біз әрдайым сол кісінің тілін алып, онымен ақылдасып, сырымызды айтамыз. біздің қазіргі тұратын жеріміз алматының шетінде алмалы-бақ деген жер. ол жердің табиғаты өте тамаша. біздің үйде отыздан астам ағаштың түрі бар. жазды куні есіктің алдына киіз үй құрамыз. атамның мен немерелері жиі үйге келіп тұрады. әртүрлі мейрамдарды, туған күндерімізді бәріміз бірге тойлатамыз. мен апайларым, ағаларымды, інілерімді өте жаксы көремін. біз өте тату-тәтті өмір сүреміз. әр-қашанда бір-бірімізге көмектесеміз. отбасымыздың ең улкенін тыңдап, үнемі ақылдасып отырамыз. мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын, және де осындай улкен отбасымның денсаулықтары мықты болып, бақытты өмір сүрулерін тілеймін. алла тағалам оларды қорғап, көмектесуін әрдайым тілеймін.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Составьте сочинение на казахском языке про олимпиаду, 90 слов.