ekvld708
?>

Нужно написать сочинение на казахском я зыке на тему "менің анам" 8-10 предложений

Казахский язык

Ответы

алексеевич810
Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. әрбір ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. түн ұйқысын төрт бөліп оянатын ананың сенімін ақтау қажет. ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. мен анамды сыйлаймын, жақсы көремін. ол мектепте мұғалім болып істейді. оның жұмысы өте қиын да, қызықты. мектептегі әр ң мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. ұйықтар алдында мен одан абай, сәкен, ыбырай аталарымыздың қ шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. мен анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін!
aa276568

Қазақстан жерінде VI-XII ғ.ғ. өмір сүрген түрік тайпалары өздеріне тән үлкен материалдық мәдениет қалдырған. Олардың қалдықтары, әсіресе, соңғы жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде белгілі болып отыр, түркі дәуіріндегі материалдық мәдениет қалдықтарының түрлері негізінен адамдардың шұғылданған шаруашылықтарымен байланысты болған. Оған археологиялық қазба зерттеулері нәтижесінде табылған заттар толық дәлел бола алады. Зерттеулердің айтуына қарағанда, бір ғана Қазақстанда ата-бабамыздан қалған заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші белгілі. Олар негізінен Сырдария бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Мәселен, түркі дәуірі кезіндегі обалардан көбірек кездесетін заттар: қол диірмендер, үккіштер, темір орақ т.б. құрал-жабдықтар. Бұлар ол кездегі халықтардың егін шаруашылығымен айналысқан жағдайын байқатады. Ал түркі тайпаларының мал шаруашылығымен кеңінен айналысқандығын археологиялық қазбалардың барысында молырақ кездесетін темірден жасалған ат әбзелдері (ауыздықтар, олардың әшекейлері, үзеңгілер), құрал сайман, қару-жарақтар, әсіресе, темір семсерлер, найзалар, олардың ұштары т.б. көрсетеді. Олардың барлығы сол кездегі түркі тайпаларының темір қорытуды жақсы меңгергендігін дәлелдейді. Сондай-ақ, ғылыми қазба жұмыстары кезінде түркілердің зираттарынан құрал-саймандар, қару-жарақтармен қатар қолөнер бұйымдар, әшекейлік заттар өте көп кездеседі. Олардың ішінде: кіселер, белдіктер, омырауға тағатын алқалар т.б. бар. Кіселер алтын, күміс және қымбат, бағалы тастармен безендіріліп отырған. Түріктер тамаша етікшілер болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас етіктер және кебіс қалдықтары кездеседі. Сонымен қатар Қазақстан аумағын қоныстанған түркілер бірсыпыра ескерткіштер – қоргандар, жеке қабірлер , адамның тірі кезіндегі қасиеттерін тастан жасалған бейнесінде беруге тырысқан балбалдар тізбегін , тастан үйілген мола үлгілерін қалдырды. Молалардан темірден жасалған үзеңгі, санақ ұшының жаңа үлгілері , семсер , қылыштар, металдан жасалған түрлі әшекейлер жапсырылған жорық белдіктері табылды.

Давид-Александр

Ағаш жердің көркі» шағын әңгіме.

Бір сәт айналамызға зер салып қарайтын болсақ, жердің, табиғаттың көркі ағаш екенін байқаймыз. «Бәр тал кессең, он тал ек» деген халық даналығы да бар емес пе? Яғни, ағаштарды табиғаттың ерекше жаратылысы деп білуге болады, себебі ағаштардың қоршаған ортаға тигізер пайдасы орасан зор. Өзіңіз қараңызшы: демалуға қажетті оттегіні бөліп шығарады, күннің ыстығында көлеңке береді, құстарға пана болады, жан – жағына көрік сыйлайды, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтайды, көшедегі шудың азаюына да ықпал етеді, олардың түбінде саңырауқұлақтар өседі,  тіпті, ескі ағаштарды отынға да жаратуға болады. Айта берсек, ағаштың пайдасы көп. Осыны білген дана халқымыз «...Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді...» деп бекер айтпаса керек.  

Соңғы уақытта экологияның нашарлауы салдарынан және басқа да келеңсіз жағдайлар себебінен ағаштар саны күрт азайып барады. Сондықтан еліміз бойынша жас көшеттерді отырғызу науқандары жүргізіліп, бұл шараға барлық мектеп пен орта және жоғары оқу орындарының шәкірттері түгелдей ат салысуда. Осылайша жасыл желегіміздің саны артып, айналамыз одан да құлпыра түспек. Болашақта осы жастарымыз еккен ағаштар келер ұрпаққа үлгі болады деп сенеміз.  

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Нужно написать сочинение на казахском я зыке на тему "менің анам" 8-10 предложений
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*