zorinka777
?>

Стих на тему наурыз на казахском языке.

Казахский язык

Ответы

ВладимировичМорозова1941
Наурыз менің елімнің берекесі, жаңа жылы қазақтың мерекесі. шаңырағы биіктеп күнге жақын, ұлаңғайыр керілсін керегесі. қымбат білген ға сөз өнері, бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері. жаңа жылда елімнің көркі өсіп, гүлге толсын көгеріп көшелері. шат күлкіге шомылып замандары, бақыт кешсін ғайыптан . әрбір жанның арманы орындалып, сәтті болсын биылғы қ. ел-жұртымның тілеуін тілесейік, жаңа жылда қалайық бір есейіп.
Bni1504
Өлкеме наурыз келді, көктем келді, құлпырып гүлге орап көк пен жерді. халқымның салт-дәстүлерін аялаған, арманы асқақтады көптен бергі. жаңартып сана, салтымды, қуантқан барша халқымды. наурыз тойы – ел тойы, ғасырдан асыр даңқыңды. ән болып асыл, даңқыңды асыр ғасырдан ғасыр. жер үсті жасарады, жаңғырады. бар аймақ аңсай күткен сән құрады. қой қоздап, қозы өріп, егін көктеп, туған жер төскейінен ән құлады. наурызым шат-думан көңіл тойы, жан берген тіршілі өмір тойы. кеңлейіп ел-жұртына мейір шашып, күн нұрын құшып жатыр өңір бойы. наурыздың жанға жайлы самалы есіп, еліме сыйлап жатыр жаңа несіп. дәстүрін жалғастырып ң, кеңейді жан сарайы, сана өсіп. көксеген қасиетті іңкәларын, ардақтап асқақ ұстап жұрт арманын, ұлтымның қанға сіңген мұңын емдеп, наурыз деп байтақ елде шырқалды әнім. кең жайып қазақы үйдің керегесін, көрсетіп қадір-қасиет негесін, мерейі қазағмның өсе берсін, көгертіп мәңгі бақи көсегесін. наурызда жарқылдаған жасын от бар, құлай сүйген қасиет бар. ұлтымның дәстүрсалтын жарқыратқан жырында жүрек тербер өсиет бар. тасты еміп, қайнап жатқан бұлағы , наурыздың құшағында шуағы бар. сән беріп шаттығым ақ шұғыла, мерейін елдің асқақ куә қылар. гүлге орап, жасандырып жусан белін, ақтарған арындатып думан селін. сіңірген халық салтын қанымызға, мейрамның құтты болсын, туған елім!
buff-studio

Әл-Хорезми (араб.: محمد بن موسی خوارزمی‎) (толық есімі - Әбу Абдулла (немесе Әбу Жафар) Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми) - Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, географ. Бұл ғалымның өмірі туралы мәліметтер өте аз сақталған. Әл-Хорезми есімі оның туған елін көрсетеді – ортаазиялық Хорезм мемлекеті, ал ғалымның тағы бір лақап аты - әл-Маджуси – оның ата-тегінде зороастриялық абыз (арабша «маджус») бар екендігін көрсетеді.

Әл-Мамұн (813—833) халифінің кезеңінде Әл-Хорезми Бағдаттағы Академия іспеттес «Даналық үйі» кітапханасын басқарды. Әл-Васике (842—847) тұсында Әл-Хорезми хазарларға экспедицияны басқарды. Әл-Хорезми жайында сақталған соңғы мәлімет 847 жылға сәйкес келеді.

Оларға арифметика бойынша ең алғаш позициялық қағидаларға негізделген нұсқау жазылды. Сонымен қатар, оның алгебра және күнтізбе жайында трактаттары сақталды. Мұхаммед әйгілі «әл-жебр уәл-мұқабала кітабы» — «Қалпына келтіру және қарсы қою туралы кітап» кітабын (сызықты және квадратты теңдеулерді шешуге арналған) жазды, оның атынан “алгебра” атауы шықты. Оның алгебра бойынша трактатында геометрия, тригонометриялық кестелер және қалалардың ені мен ұзындығы жайында тараулар бар.

ulechkaevseeva

Абай халықтың жоғын жастанып, кемел жолға бастар жолды іздеді. Сол жолда аянбай тер төгіп, өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымында бейнеледі. Артына қалдырған мол мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады. 

... Бірде лекцияда апайымыз: Абайды оқытпау керек, оқу керек» - деп айтып қалды. Бұл бәрімізді ойландырды. Неге? – деп сұрадық. Ұстаз мүдірместен өзі айтқан сөзіне жауап қатты. «Абай шығармаларын көп адамдар түсіне бермейді. Түсіну қиын. Оқыған сайын жаңа қырынан тани түсесің. Ал ерте жаста, көбіне мектеп қабырғасында оқушылар ағартушының өлеңдерін түсінгенмен, қара сөздеріне терең бойлап мән бермейді. Мән бергенмен, жете түсіндіріп бере алмайды. Абайды оқу үшін де білім керек. Бойыңдағы білім жеткілікті болғанда Абайды міндетті түрде оқып, өзіңше танымыңды кеңейтесің. Сендердің нағыз сол шақтарың, ал оқушыларға ұлы тұлғаның қара сөздерін жіті талдау қиындау», - деп сөзін түйіндеді.

Иә, расында да мектеп қабырғасында оқушыларға Абайдың қара сөздерін талдап айтып беру ауырлау. Көпшілігі үйге берілген тапсырманы ғаламтор арқылы іздейтіні де рас. Осы мақсатта ұлы ақынның ғақлияларын қысқаша түсіндірме ретінде оқырмандарға ұсынуды жөн санап отырмыз.

Абайдың қара сөздерінің саны - 45. Ал қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз. 

Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. Сол арқылы ұлы ақын әңгіме-сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланған. Зерттеушілер қазір қара сөздерді философиялық шолу деп түсіндіріп жүр. Онда орта ғасырлық дәстүрлі түрік прозасы үлгісінің әсері де байқалады.

Сонымен ақынның бірінші қара сөзінен бастайық. Мысалы, бірінші қара сөзінде Абай жазуға қалай кіріскені туралы сөйлейді. Мұнда өмірбаяндық дерек бар және өзінің жалпы шығармалық еңбегіне қатысты ойлы түсінік береді. Бірақ кейін осы тақырыпқа өзге қарасөздерінде оралмайды. Бірінші қарасөзі алда айтатын қара сөздерінің «әлқиссасы» іспетті.

Жер ортасы жасқа (45-55 жас арасы) келгенше сүрген өмірін айта кетіп, алда не істеп, не жазатыны туралы айтады. «Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын» - деп ойланады. Ойлана келе өз ойларын қара қаламмен ақ парақ бетіне төгілте жазуға шешім қабылдайды. Ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағуды ой елегінен өткізіп, ойына келген нәрселерді қағаз бетіне түсіруді жөн деп шешеді. Ал осы ел, мал, ғылым, софылық пен бала бағу туралы ойларын жазғанда «бағу» сөзінің көпмағыналылығын шебер пайдалана білген.

Расында да Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары түрлі пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздерін жалпы а ортақ асыл сөз ретінде бағалауға болады.  

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/32790/

Объяснение:

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Стих на тему наурыз на казахском языке.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*