Нан – ең қасиетті дәм. кішкентай кезімізден ең алғаш аузымызға алатын тағам нан екеніне ешкімнің таласы жоқ. үйімізге қонақ келсе, ең алғаш таттыратынымыз да нан. асығып тұрған кісі болса, «ең болмаса нан ауыз тиіңіз» дейді үлкендер. дастархан басында да ең алғаш нанды жеуден бастаймыз. нансыз дастарханның да, ішетін астың да дәмі болмайды. тіпті ғарышкерлер ғарышқа ұшқанда 4,5 грамм ғана нанды өздері үшін қуат тұтады екен. бұл нанның құдіретті ас екендігін дәлелдейді. сол үшін зауыттардан тәулік сайын миллиондаған нан пісіріліп, халыққа тынымсыз сатылады. нанды қалай болса солай бөліп турай беруге болмайды. оның ұсағының өзі киелі. «нанның ұсағын жеген сауапқа қалады» деген сөзді ата-әжелеріміз көп айтады. себебі , қиыншылық кездерде бір үзім нан көптеген жандардың жаныны жалау болып, өмірден үмітін үзбеуге себеп болған. қазіргідей тоқшылық заманда біз секілді жастар мүмкін нанның қадірін тереңнен ұқпас. кез-келген жерде тәтті тоқаштарды жеп кете береді. жерде жатқан нанды көрсе алмайтындар да бар. ойланбай қоқыстардың арасына тастай салады. бұл әрине кешірілмес күнәдей сезіледі маған. «бір тоқтықтың бір аштығы болады» деп дана халқымыз тегін айтпаған. еліміздің күш-қуаты болып, дастарханымыздың тұздығын келтірген қасиетті нанымызды қадірлей білейік .