Әр сөзде, сөйлемде қолданған үтіріңіз сіздің тағы айтар ойыңыз бар екені жөнінде ақпарат береді. Келесі ойды қандай мағынада жеткізесіз, тағы айтарыңыз бар екенін айтқызбай-ақ оқырманға жеткізіп үлгереді. Үтірдің көп қойыла беруі де кейде көк мылжың екеніңізді танытады. Өйткені тоқтауы жоқ сөздеріңіз, соңы бітпейтін жалғамалы ойларыңыз сүйікті оқырмандарыңызға ұнамай қалуы мүмкін. Кейде үтір сіздің абыройыңызды да асқақтатып жібереді. Алғашқы ойыңыздан кейінгі қатар келген ойыңыздың салмағы, әсері үтірдің дәлме-дәл қойылар сәтіне байланысты.
Өміріңіз үтір қойылған сайын мәнді ойлармен, жақсы күндермен жалғасын тапсын.
Сызықша (–)
Қарама-қарсы ойға жауап беруге дайын болсаңыз сызықшаны пайдаланыңыз. Жазу кезінде бетпе-бет келетін бір-біріне сәйкесе келмесе де, ию-қию өрнегі бар сөз орамдары көңіліңізді жайландыру мүмкін. Сызықшаны дұрыс пайдалана білсеңіз, алуан-алуан сөзге жан бітіре отырып оқырмандарыңызды тарта аласыз. Сызықшаның ұзын-қысқа түрлері кездеседі. Екеуінің екі әлемі бар. Құлашын кеңге жайып, ұзыннан созылып жатқан – сызықша. Қателесіп кетпеңіз, ұзыннан сыза салған бұл белгіңіз келесі айтар пікіріңіздің абыройы мен атауын негізге алады. Қателік – кешіре бермейді.
Қос нүкте (:)
Қос нүктенің алдында кезекте тұрған: ойлар, толғаныстар, жазулар мен сызулар сіздің жан дүниеңіздің айнасы болуға лайық па?! Бірінің үстіне бірі мінген екі нүкте әрбір атауға лайық бірқатар ойларыңызды тізбектеуге сақадай сай тұр. Бірақ сіз дайынсыз ба?!
Қос нүктенің сізге айтары: мәнді, сәнді, сүбелі сөзге жақын болыңыз.
Өмірде қос нүктеден кейін атайтын достарыңыз, серіктеріңіз сізге көмектесуге дайын тұрсын.
Ертегідегі портрет.Торсық шеке аппақ ұл туыпты.Ата-анасы қуанып ,төбелері көкке жетіпті.Кендебай деп ат қойыпты.Кендебай ай сайын емес күн сайын өсіпті.Алты күнде күліпті ,алпыс күнде жүріпті.Алты жылда жігіт болыпты.Сондай күшті болыпты.Алысқанын алып ұра беріпті,күрескенін жыға беріпті
Кейіпкердің маңызды үш әрекеті. 1Аң аулап,кедейлерді қарық етіпті 3Мергенбайды азат етеді3. Кейіпкер образына қатысты көзқарас Қайырымды болыпты,жылағанды жұбатыпты,қысылғанға жәрдем беріпті.Өзімдікі дегенді білмепті,жатсынуды сүймепті.Бүкіл ел ортақ болыпты
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос: