Надандық[1] – адам бойындағы білімсіздікті, қараңғылықты, мәдениетсіздікті білдіретін құбылыс. Ізгілік пен парасатқа негізделген ақылдың кемел формасы – сау ақыл болған жерде надандыққа орын аз. Өйткені кемел ақыл надандықтың дұшпаны. Надандықтың адамдық асыл қасиетке көлеңке түсіретін құбылыс ретінде білімсіздік, қараңғылықтан нәр алмақ. Бірақ надандықтың тек білімсіздікпен ғана анықталмайды, надандар жоғары білімді, тіпті арнайы ғылыми дәрежесі бар адамдар ішінде де бар. Надандықтың адамшылық қасиеттің кемел формасы – кісіліктің антиподы. Бойында кісілігі аз немесе жоқ адамның надандығы басым болады. Кісілікті адамның жаны жомарт болмақ. Жомарт жанға адамның үш қасиеті тән, олар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл және жылы жүрек (Абай). Наданда қайрат болуы мүмкін, бірақ ол ыстық емес, салқын; ақыл болуы әбден мүмкін, бірақ ол нұрлы емес, суық-мұз; наданның жүрегі жылы болуы мүмкін емес. Жүрегі жылы жан надандықтан іргесін алыстата бермек. Надандықтың бір көрінісі – мәңгүрттік. Себебі наданда жылы жүрек болмаған соң, онда туған елге, тарихқа, мәдениетке, тілге, ата-анаға, бабаларына деген құрмет сезімі жоқ. Надан таза пайдадан өзгені көзіне ілмейді. Осы хәлді Абай: “Естілер де ісіне қуанбай жүр, ел азды деп надандар мұңаймай жүр” деп тұжырымдаған. Надандықтың күні өтіп кеткен құбылыс емес, ол қазіргі заманның аса қауіпті дерті. Әр елдің озық ойлы адамдары бұл дерттен арылудың жолдарын іздестіруде. Надандықтың әр түрлі деңгейлері бар, ол жеке адам басындағы Надандықтан,мемлекеттік саясатқа дейінгі сатылардың әрқайсысынан көрінеді.
Объяснение:
Шілдехана
Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” деп тілек айтып, шашу шашып келеді. Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “Шіллә” (“чілле”) парсы “қырық” деген мағына береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен (қ. Қырқынан шығару). Әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”. Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған.[1] Тыштырма рәсімін бесікте баланың әжесі орындайды. Қолына толған құрт, бауырсақ, тәтті, қант, ірімшікті бесіктің тұбек байлайтын тесігінен өткізіп, “тышты ма?” деп сұрайды. Ал басқалар қолын созып, “тышты, тышты” деп, тәтті, бауырсақ алады. Кәде перзент сүймеген әйелдер сәбилі болсын және “сәбидің болашағы осындай тәтті және дәулетті болсын” деген ниетпен жасайды.[2]
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос: