Dmitrievich1871
?>

Жакты жаксыз сойлем правила айтындаршы отинем

Казахский язык

Ответы

Darialaza
Жақты сөйлем   — бастауышы мен баяндауышы қиыса байланысқан жай сөйлемнің бір түрі. жақты сөйлемнің бастауышы болады немесе сөйлемнің мазмұнынан бастауышының қай сөз екенін табуға болады. жақты сөйлем үшке бөлінеді: 1)  арнаулы   жақты сөйлем (“мен оқиын. сіз тыңдаңыз”); 2)  ауыспалы   (ортақ) жақты сөйлем (“көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра”); 3)  бастауышы белгісіз   жақты сөйлемнегізінен, 3-жақта айтылады. бастауышы қай сөз екені сөйлемнің мазмұнынан аңғарылады. (“біздің кезімізде отты шақпақ таспен тұтататын еді”). жақсыз сөйлем  — сөйлемдегі айтылар ой бастауыштан басқа сөйлем мүшелері арқылы берілетін жай сөйлемнің түрі. жақсыз сөйлемнің бастауышы болмайды, оның жоқ екені сол сөйлемнің баяндауышынан білінеді. мысалы, “қазилаға сәкенмен бірге жүруге тура келді”. жақсыз сөйлемнің баяндауышы бірнеше жолмен: барыс жалғаулы тұйық етістіктен кейін “бол”, “тура кел” деген көмекші сөздердің келуі арқылы (“бұдан бірдемелерді ойлап шығаруға болады”); “-ғы, -гі”, “-қы, -кі” жұрнақты қалау рай арқылы (“оның ештеңеге қарағысы келмейді”); атау я барыс септік жалғаулы тұйық етістікке, “керек”, “қажет” сөздері тіркесу арқылы (“енді бізге ауылдағы ң көңіл күйін білу керек”); тәуелдік жалғаулы тұйық етістікке “мүмкін”, “тиіс” сөздері тіркесу арқылы (“біздің баруымыз керек”); иұрақты сөз тіркестерінен (“оның ішек-сілесі қатты”. “мұртын кеспейді”) жасалады.
nsoro937

Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы).Материалдық құндылықтарды есепке алу үшін мына төмендегі негізгі міндеттемелердің орындалуы.Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап (мысалы, ұжымдық үдеріс қауымдастық пен жеке тұлғалылыққа алмасты, ұлттық, қоғамдық құндылықтардан гөрі жеке құндылықтар басымдылық таныта бастады), жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды.

info36

Есім хан – 1598–1628 жылдары Қазақ хандығында билікте болған Шыңғыс әулетінің өкілі. Шығай ханның баласы. Есім ханның әкесі Шығайдың 1580–1582 жылдары хан болғаны баршаға мәлім. Қадырғали Жалайыридың Шығай хан туралы дерегінен оның бүкіл ғұмыры күреспен өткенін, жауларымен алысып-арпалысып, айбатымен қашырғанын, ерлігімен жақынының мерейін тасытқанын, сөйтіп бүкіл елге батырлығымен танымал болғандығын көреміз. Есім хан – Шығай ханның он екі ұлының бірі, Сейітқұл сұлтаннан, Ондан сұлтаннан және Тәуекел ханнан кейінгі төртінші ұлы. Анасы шағатайлық Яқшым бике (Жақсы бике болуы да мүмкін).

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Жакты жаксыз сойлем правила айтындаршы отинем
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

ksen1280
Pogosyan Nataliya
shabunina17
adhotel
Викторовна
Маринина_Елена
kate1610
allaraygor
krasa28vostok65
Yurevich1243
uglichdeti
ka-shop
Сергеевич1386
skononova01
ViktorovnaKraeva634